АҚШ-тан Иракқа 200 сарбаз жіберілді

Олар АҚШ азаматтарын қорғайтын болады

112622
АҚШ-тан Иракқа 200 сарбаз жіберілді

АҚШ Бағдат елшілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және елдегі АҚШ азаматтарын қорғау үшін Иракқа 200 сарбаз жіберді. Осылайша Ирактағы Американ әскерлерінің саны 750-ге жетті.
АҚШ президенті Барак Обама осы мәселеге байланысты Өкілдер палатасының төрағасы Джон Бинер мен Сенатқа хат жолдады.
Обама хатында Конгрес мүшелеріне АҚШ қарулы күштерінен жіберілетін қосымша сарбаздардың Бағдаттағы елшіліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, АҚШ азаматтарын қорғау және Бағдат халықаралық әуежайының қауіпсіздігін күшейту үшін қажет екенін білдірді.
Хатта сондай-ақ барлау және мәлімет жинау мүмкіндіктері беретін арнайы үйретілген сарбаздар тұратын команданың керек болған жағдайда соғысуы үшін қажетті қарулармен жабдықталғанына да назар аударылған.
Сарбаздар қауіпсіздік мәселесі шешілгенге дейін Иракта қалатын болады.
АҚШ қорғаныс министрі спикері Джон Кибри де өзінің жазбаша мәлімдемесінде жексенбі күні Иракқа жеткізілген сарбаздардың елшіліктің дипломатиялық миссиясын жүргізуіне жәрдем беретінін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар