АҚШ Ирактағы оқиғалар туралы мәлімдеме жасады

Мәлімдемеде террорлық ұйымның аймаққа қауіп төндіріп отырғаны білдірілді

90360
АҚШ Ирактағы оқиғалар туралы мәлімдеме жасады

АҚШ сыртқы істер министрлігі «Мосулда соңғы 48 сағат ішінде болған оқиғалар алаңдатып отыр» деген мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Мосулдағы жағдайдың аса қауіпті екені білдірілген.
АҚШ үкіметінің келісім шарттарла аясында Ирак үкіметіне керекті жәрдем беретіні де мәлімденді.
«Ирак-Дамаск ислам мемлекеті» террорлық ұйымының Сириядағы аласапыранды пайдаланып отырғаны білдірілген мәлімдемеде Иракқа әскерлер мен жетілген қару-жарақтың жіберілгені жазылған.
Мәлімдемеде «Ирак-Дамаск ислам мемлекеті» ұйымының тек қана Ирак үшін ғана емес күллі аймаққа қауіп төндіріп отырғаны білдірілген.
Ұйымның аймақтағы күшін азайту үшін Ирак үкіметі мен қауіпсіздік күштеріне жәрдем берілетіні атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар