Талибан АҚШ сарбазын еркіндікке жіберді

Бұл оқиға АҚШ-та айтыс-тартысқа себеп болды

85078
Талибан АҚШ сарбазын еркіндікке жіберді

Бес жылға созылған Талибан тұтқынына құтылғаннан кейін әлемнің күн тәртібіне отырған Bowe Bergdahl АҚШ-та айтыс-тартыстың ортасында қалды.
Ауғаныстанда онымен бірге қызмет атқарған 2 әскер «соғыс кезінде армиядан қуылған болатын» дегеннен кейін оның өткені сұрастырыла бастады.
Талибан Гуантанамода жатқан 5 мүшесінің бостандыққа жіберілуі шарты орындалғаннан кейін тұтқыннан босатқан американ әскері Bowe Bergdahl елді екіге бөлді.
Ақ Үй «сарбазымыздың келешегін тағдырдың жазуына тастамадық» деп тұтқындардың ауыстырылуын ақтап жатса, бұрын Республикалық партиядан президент сайлауында үміткер болған John Mc Cain еркіндікке жіберілген Талибан мүшелерінің аса қауіпті екенін білдірді.
Сонымен қатар Ауғанстанда онымен бірге қызмет атқарған 2 әскердің айтқан сөздері Bergdahl туралы «батыр ма әлде атағын шығару үшін сценарий жазып, оны табыспен ойнаған алдамшы ма?» деген сұрақтар тудырды.
Емделу үшін Германияға кеткен және әкесі ағылшын тілін ұмыта бастағанын айтқан Bergdahl туралы айтыс-тартыстар АҚШ-та әлі жалғаса беретін сияқты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар