Кір жуатын машинада тиімділік

Тұрмысты жеңілдететін машиналар мұқият қолданылмаса, ысырапқа себеп болады.

389870
Кір жуатын машинада тиімділік

Үйде қолданылатын жиһаз бен машиналардың көбі электр қуатымен жұмыс істейді. Тұрмысты жеңілдететін осы машиналар мұқият қолданылмаса, ысырапқа себеп болады. Машиналарды электр және суды ысырап етпестен қолдану үшін қарапайым шаралар жеткілікті. Кір жуатын машина сатып алған кезде және қолданған кезде ескерілетін жайттар электрді үнемдеуге пайда тигізеді.
Осы жерде басылатын алғашқы қадам машина сатып алған кезде сізге керек үлкендікте машина таңдау. Қолданысқа сай емес үлкендікте немесе сапасы төмен машиналар энергия ысырабына жол ашады. Айырықша энергия тиімділігі А сыныбы машиналар таңдау қажет. Бұл әрі электр, әрі су шығынын азайтады.
Кір жуатын машинаны дұрыс орналастыру да едәуір маңызды. Машинаның төңірегінде ауа айналымы болатындай түрде, қабырғамен кемінде 5 см ара қашықтық қалдырып орналастырылуы керек.
Кір жуатын машиналар суды жылытқан кезде көп энергия жұмсайды. Сондықтан керек емес болса ыстық суда жумау керек. Аз кірлі киімдерді жуған кезде машинаның экономикалық бағдарламасын таңдау керек. Кірі көп киімдерді машинаға салмастан бұрын суға салып, күту керек. Осылайша машина жұмсайтын энергия мөлшері азаяды.
Кір жуатын машинаның тиімділігін арттыру үшін толық әлеуетінде жұмыс істету керек. Аз толтыру әрі ысырап, әрі машинаның өмірін қысқартады.
Кірді кептіру үшін кептіру машинасының орнына жайып кептіру керек.
Электрмен жұмыс істейтін жиһаздарды тиімді қолданудың әрі өз бюджетімізге, әрі табиғатқа үлес қосатынын ұмытпау керек.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар