Бау-бақша сулауда су үнемдеу

Жер бетінде қолданылатын су көздері азайып барады. Ал бұған керісінше суға деген мұқтаждық артып отыр.

294081
Бау-бақша сулауда су үнемдеу

Жер бетінде қолданылатын су көздері азайып барады. Ал бұған керісінше суға деген мұқтаждық артып отыр. Бұл жағдай суды қолдануда мұқият болуымызды қажет етеді.
Су ысырабы көп болатын жерлердің бірі – бау-бақша сулау. Хобби және пейзаж мақсатты бақшаларда қолданылатын су мөлшері қате қолдануға байланысты өте көп. Қарапайым үнемдеу әдістері арқылы осы ысыраптың алдын алуға болады.
Біріншіден жауын-шашын суын жинақтайтын каналдар ашып, сулау үшін осы суды қолдану үлкен үнемдеу болып табылады. Айырықша көлік жуу сынды істерден қалған суды бақшаға ағызуға назар аудару керек.
Сулау уақыты да дұрыс таңдалуы керек. Күн қатты ыстық кездерде судың бір мөлшері өсімдіктерге жетпестен буға айналып кетеді. Сонымен бірге Күн тік келетін сағаттарда сулау өсімдіктерге зиян келтіреді. Сондықтан ауа салқындау кезде, таңертең немесе кешке сулау керек.
Бақшаның белгілі бір жерін сулау үшін шлангқа байланған сүзгіш немесе триггерлі бүріккіш қолдануға болады. Бұлар судың босқа ағуына және керек емес жерлерді сулауға кедергі болады.
Бау-бақша айналасындағы майда тастар, топырақ және осындай нәрселерді тазалау үшін су емес, сыпырғыш қолдану керек. Осылайша судың босқа кетуінің алды алынады.
Бақшада суды көп қажет етпейтін өсімдіктерді таңдау керек.
Өсімдіктер суды тамырлары арқылы алатындықтан, жапырақтарын сулау керек емес. Сондықтан сабағының түбінен сулау керек.
Әрбір өсімдіктің су мұқтаждығы бөлек болады. Сондықтан өсімдіктерді сұрыптап егіп, ысыраптың алдын алуға болады.
Суды сақтаудың тіршілікті сақтау екенін ұмытпайық.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар