Қауіпті қалдықтар және оларды қайта өңдеу

Қауіпті қалдықтарды бақылау нормативтік нұсқауына орай осындай қалдықтар арнайы операциялық өңдеуден өтуі керек.

272831
Қауіпті қалдықтар және оларды қайта өңдеу

- Қоршаған орта мен адам үшін қауіпті, өртенетін, өртейтін, жарылатын, канцерогенді және улы қалдықтардың барлығы қауіпті қалдық деп аталады. Қауіпті қалдықтарды бақылау нормативтік нұсқауына орай осындай қалдықтар арнайы операциялық өңдеуден өтуі керек.
- Түркиядағы кең таралған қауіпті қалдықтар мыналар:
- Қолданылған химиялық заттардың қалдықтары,
- Қауіпті заттармен ластанған қолғап, шүберек және маталар,
- Бояу және лак қалдықтары,
- Май қалдықтары,
- Қолданылған батареялар мен аккумуляторлар,
- Метал қалдықтары,
- Егіншілік тыңайтқыштары,
- Люминесцентті шамдар,
- Фотография өнерінде қолданылған негативтердің моншасынан қалған сулар,
- Цианидті қалдықтар.
- Осы қалдықтар табиғатқа тасталмауы, сенімді түрде жойылуы керек. Әйтпесе қоршаған орта және адам денсаулығына теріс әсер етеді. Қауіпті қалдықтардың жойылуы үшін арнайы құрал-жабдықтар керек. Бұл істерді жеке адамдар жүргізе алмайды. Тек арнайы базаларда жасалатын осы операциялық істерді Түркияда қалалық муниципалитеттер жүргізеді.
- Күнделікті тұрмыста қолданылған өнімдердің көбі қауіпті қалдықтар сыныбына кіреді. Осы өнімдер көбіне кір жуатын ұнтақ, күтім материалдары, бояулар, дәрілер мен осыған ұқсас химикат қосылған заттар болып табылады. Тұрмысты жеңілдететін осы өнімдерді қолданғаннан кейін уақыт өткізбей сенімді түрде сақтап, өкілетті орындарға тапсыру керек.
- Қауіпті материалдардың өздері секілді, қораптануында қолданылған және осы материал тиген барлық заттар қауіпті деп есептеледі. Осындай қалдықтарды да тұрмыстық қалдықтармен араластырмау және табиғатқа тастамау керек.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар