Су ластығы

Тіршіліктің сақталуы үшін судың қорғалуы шарт.

262454
Су ластығы

-Дүние жүзіндегі тіршіліктің негізі болып табылатын су әрі Жер шарында, әрі жанды атаулының денесінде көп орын алады. Судың ластануы бүкіл тіршіліктің ластануы деген мағынаны білдіреді.
-Судың сапасын бұзатын органикалық, анорганикалық, биологиялық және радиоактивті заттардың сумен араласуы су ластығы деп аталады. Физикалық және химиялық түрде ластанған су биологиялық тіршілікті бұзады. Лас судағы микро организмдер мен химиялық лас заттар жұқпалы ауруларға жол ашады.
-Су ластығының басты себептері:
- Тыңайтқыш себу сынды егіншілік жұмыстары
- Табиғи немесе жасанды топырақ эрозиясы
- Шіріген өсімдіктер
- Мал шаруашылығы қалдықтары
- Улы немесе химиялық қалдықтар
- Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар
- Түркияда әсіресе өнеркәсіп орындары су ластығына себеп болады. Сонымен бірге жоспардан тыс қала құрылысы да қалдық судың таза суға араласып, ластануына себеп болуда.
- Судың ластануының алдын алу үшін
– Өнеркәсіптік орындар елді мекендерге алыс жерлерге құрылуы керек. Өнеркәсіп қалдықтары тазаланғаннан кейін ғана қоршаған ортаға тасталуы керек.
- Су көздері адам және жануарлар кіре алмайтындай түрде қорғалуы керек.
- Тоғанақтар шыны және картон сынды қайта өңделетін материалдардан жасалуы қажет.
- Егіншілікте зиян келтірмейтін дәрілер мен тыңайтқыштар қолданылуы керек.
- Барлық қалдықтар қайта өндеуден өткен жөн
- Таза су жер бетінде тіршіліктің жалғасуы үшін ең маңызды фактор. Тіршіліктің сақталуы үшін судың қорғалуы шарт.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар