Теңіз ластығы және қоқыс аралы

Табиғатта өздігінен жойылуы көп уақытқа созылатын қалдықтар теңізге тасталмауы керек.

249123
Теңіз ластығы және қоқыс аралы

- Қала, өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтардың тікелей немесе жанамалы түрде теңізге тасталуы нәтижесінде қалыптасқан теңіз ластығы экожүйені бұзып, жануар және адам өміріне болымсыз әсер етеді. Ластық теңіздің сапасы мен балансына зиян келтіреді.


- Теңіз ластығын қалыптастыратын түрлі факторлар болады. Кемелер мұхитта жүріп миллиондаған келі қалдықты лақтырады. Ауадағы ластық жаңбыр суымен бірге теңізді де кірлетеді. Жер бетіндегі пластикалық дорбалар да теңіз, көл және өзендерге жетеді, басқа қалдықтар секілді топырақтағы дәнді дақылдарға араласады.


- Теңіздердегі қалдықтар теңіз бен мұхиттардың түбінде қоқыс аралшықтарын қалыптастыратын деңгейде болады. Дүние жүзінің барлық жерінде теңіз жандыларының асқазаны зерттеліп қарағанда, пластикалық қалдықтар табылған. Бұл қалдықтар болса адам денесіне кіріп, емделмейтін ауруларға жол ашады.


- Үш жағы теңіздермен қоршалған Түркияда теңіз тазалығы өте маңызды. Түркияда теңізді көбіне өнеркәсіп, қала, теңіз қатынасы, туризм және теңіз апаттары ластайды.


- Табиғатта өздігінен жойылуы көп уақытқа созылатын қалдықтар теңізге тасталмауы керек.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар