Адам денсаулығы және табиғат ластығы

Дені сау өмір сүру үшін қоршаған орта ластығына қарсы күресу – баршамыздың парызы.

240662
Адам денсаулығы және табиғат ластығы

- Дені сау өмір сүрудің басты шарты – таза қоршаған орта. Ашық және жабық алаңдарда ауа ластығы, су сапасының төмендігі, жеткіліксіз гигиена және қауіпті химикаттар медициналық проблемаларға әкеліп соғады. Осы проблемалардың басында тыныс алу және қантамыр аурулары, рак, демікпе, түрлі аллергиялар, өсімпаздық ақаулары келеді.


- Қоршаған орта ластығына жол ашатын басты факторлар болса зауыт қалдықтары, радиация әсерлері, тұрмыстық және мал шаруашылығы қалдықтары. Осы қалдықтар ауаны, су және топырақты ластап, экожүйеге зиян келтіреді. Әсіресе зиянды химикаттар мен ауыр метал қалдықтары қоршаған орта мен денсаулық үшін өте қауіпті. Мысалы зиянды металдар және басқа да химиялық элементтерден өндірілген батареялар қоқысқа лақтырылса, тікелей немесе жанамалы түрде үлкен қауіп туғызады. Осы металдар топыраққа, одан әрі жер асты су көздеріне барып жетіп, жандыларға қайтып келеді. Организмдердің табиғи құрылымын бұзады. Бұған сынап жақсы мысал болады. Ауыз суы немесе азық-түлік арқылы адам денесіне енетін сынап түрлі жүйке аурулары, невралгия, рак ауруларына себеп болады, бүйрек, қара бауыр, ми талшындарын бұзады, нәрестенің мүгедек болып туылуына себеп болады. Химиялық қалдықтар гормон жүйесін бұзып, жанды атаулының дамуына түзелмейтін ақау келтіреді.


- Қазіргі таңда адам мен табиғатқа әсер ететін көптеген ластаушы материалды жоғары технология арқылы бақылап отыруға болады. Алайда табиғатқа және адам денсаулығына әсері әлі белгісіз, жаңа шығып жатқан мәселелер де көп. Осыларға мысал ретінде электро магнетикалық алаңдар, қоршаған ортадан туындайтын кейбір жұқпалы ауруларды көрсетуге болады.


- Дені сау өмір сүру үшін қоршаған орта ластығына қарсы күресу – баршамыздың парызы.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар