Бейбітшілік бұлағы операциясы халықаралық медиада

Түркияның шетелдегі өкілеттіктері сол елдердің медиа органдарында Бейбітшілік бұлағы операциясын түсіндіруде.

1288412
Бейбітшілік бұлағы операциясы халықаралық медиада

Түркияның шетелдегі өкілеттіктері мен елшілері сол елдің баспасөз органдарымен байланыс орнатып, халық пен халықаралық қоғамды Сириядағы бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK және ДАИШ-ке қарсы жүргізілген Бейбітшілік бұлағы операциясы жалы ақпарат бөлісуде.

Бейбітшілік бұлағы операциясымен байланысты Түркияның 69 шетелдік өкілеттігі осы аяда 160 іс-шара ұйымдастырды.

Түркияның шетелде қызмет атқарған өкілетті елші мен өкілдері сол елдердің ықпалды телеарналары мен газеттеріне 39 сұхбат берді.

Жергілікті баспасөзде 44 мақала жарияланды. Баспасөз мәслихаттары, кездесулер және жарияланған хабарларды қамтитын хабарлар орын алған 77 шара жүргізді.

Өкілетті елшілер Түркияның Бейбітшілік бұлағы операциясын түсіндірген трансляция мекемелері арасында BBC, «France 24», «Sky News», «Flaman» телеарнасы, «VRT NWS», Канададағы «CTV» және Италиядағы «La Stampa» мен «La Repubblica» газеттеріне қоса «Rainews24» телеарнасы орын алды.

Халықаралық қоғамның Түркияның Бейбітшілік бұлағы операциясына жайлы дұрыс және орынды қабылдануы үшін медиамен байланыс құраған өкілеттіктер Ирактан Мексикаға, Вашингтоннан Мумбайға дейін әлемнің түкпір түкпірінде баспасөз жиналыстары ұйымдастыруда. Ресми лауазымдылар мен академиктер әлеуметтік желі арқылы Бейбітшілік бұлағы операциясын түсіндіруде.



Ұқсас жаңалықтар