Иракта түрікмен тайпасының басшысы Хусейн Аллуш өлтірілді

Ирактағы түрікмен тайпа басшысы Хусейн Аллуш террор шабуылында өлтірілді.

2123111
Иракта түрікмен тайпасының басшысы Хусейн Аллуш өлтірілді

Түрікмен тайпасының басшысы Хусейн Аллуш Ирактың Сүлейманийе қаласында пилотсыз әуе көлігімен жасалған лаңкестік шабуылда қаза тапты. Ирак Түрікмен майданы Ирак премьер-министрінен шабуылды тергеуді сұрады.

Ирак Түрікмен майданы әкімшілігі Хусейн Аллуштың өліміне байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Кифри ауданындағы Беятлы тайпасы басшысы Аллуш нысанаға алынған пилотсыз әуе көлігімен жасаған террор шабуылы қатаң түрде айыпталып «Тікелей түрікмендерді нысанаға алған бұл шабуыл, сондай-ақ Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі (ИКАӘ) парламенттік сайлауының жақындауы себепті Кифри құрамдастары арасындағы қауіпсіздік жағдайын, тұрақтылық пен бауырластықты бұзуға бағытталған қауіпті көрсеткіш екенін көрсетеді» делінді.

Ирак премьер-министрі және ИКАӘ лауазымдыларына Кифри ауданының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, террор ұйымдарын жою, азаматтардың жанын сақтау үшін шұғыл операция жасау талап етілген мәлімдемеде «Осы террор оқиғасы мен оған қолдау беретін қылмыскерлерді анықтау және кінәлілерді жазалау үшін жауапқа тартудың  маңыздылығын білдіреміз» делінді.

Екінші жағынан Киркук депутаты Эршат Салихи Хусейн Аллуштың пилотсыз әуе көлігімен өлтірілуінің артында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның тұрғанын жариялады.

«PKK бандылары Иракта жоспарлы түрде бейбіт түркімен азаматтарының қанын төгіп жатыр» деген Салихи Күрдістан патриоттық одағын террор ұйымын аймақтан шығару үшін байсалды ынтымақтастыққа шақырды.



Ұқсас жаңалықтар