Тайланд 90 ұйғырды Қытайға қайтарды

Тайланд үкіметінің баспасөз хатшысы сонымен бірге 2 шілде күні 173 ұйғырдың Түркияға жолданғанын да растады.

339045
Тайланд 90 ұйғырды Қытайға қайтарды

Тайланд үкіметі Қытайдан келгендері анықталған 90 ұйғыр азаматының кері қайтарылғанын хабарлады.


Тайланд үкіметінің баспасөз хатшысы сонымен бірге Тайланд үкіметінің 2 шілде күні 173 ұйғырды Түркияға жолдағанын да растады.


Адам құқықтары ұйымының Тайланд өкілі Сунаи Фасук болса Қытайда адам құқықтарын бұзушылық болғаны себебімен ұйғырлардың қайтарылуының халықаралық құқыққа қайшы екенін айтты.


Фасук: «Тайландтағы басшылар елдеріндегі шетел азаматтарын қайтарған кезде, сол елдегі гуманитарлық ахуалды елемейді. Бұны бұдан бұрын Рохинджалықтар мен хмонгилерге де істеген еді» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар