Косовода "Туркчем" журналы таныстырылды

Балқан елдерінде түрік тілінің сақталып қалуы өте маңызды.

208931
Косовода "Туркчем" журналы таныстырылды

Косовода “Туркчем” журналы таныстырылды.


Балқан елдерінде түрік тілінде хабар таратуды жалғастырып жүрген сирек балалар журналдарының бірі “Туркчем” журналының 170 – ші санына байланысты Юнус Эмре атындағы институттың Призрен Түрік Мәдениет Орталығында керемет таныту кеші ұйымдастырылды.


1999 жылдан бері хабар таратып жүрген “Туркчем” балалар журналы тарапынан өткізілген маңызды іс - шараға қалың жұртшылық үлкен қызығушылық көрсетті.


Бағдарлама Зейнел Бексач және Хүсаметтин Луманың арнайы көрсетілімімен басталды.


Бағдарламада Косовоның Қоғамдық Басқару Министрі және Косовоның Тәуелсіз Түрік Партиясының Төрағасы Махир Ягджыоғлы, Косово Елшісі Сонгүл Озан және Юнус Эмре институтының Призрен Түрік Мәдениет Орталығының басшысының орынбасары Фунда Кескин сөз сөйледі.


Кештегі баяндамаларда балалардың тіл біліктілігін, ойы мен сезім әлемінің жетілуін, оның шығармашылық ойлау қабілетінің артуын ынталандыратын, өзінің мәдениетін тануды қамтамасыз ететін журнал және кітаптардан басқа әсерлі құралдың болмайтыны атап көрсетілді.


“Туркчем” журналының құрылтайшысы және хабар редакторы Зейнел Бексач түрік тілінің жоғалмауы үшін журналдың маңызының зор екенін айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар