Орта ғасырдан қалған қабірлер

Қырымның Ислам Терек өңірінде орта ғасырдан қалған мұсылман қабірлері табылды.

158781
Орта ғасырдан қалған қабірлер

Қырымның Ислам Терек өңірінде орта ғасырдан қалған мұсылман қабірлері табылды. Су құбыры төсеу барысында табылған қабірлердегі сүйектердің 13-14-ғасырлардан қалғаны болжалып отыр. Дегенмен анығы мамандардың зерттеуінен кейін белгілі болады.


Негізінде қабірлер табылған жер Қырымның тұңғыш мұсылман басшысы Кемал Ата жерленген жер деп айтылып жүреді.


Өңірге келіп, қысқаша зерттеу жүргізген археологтар шамамен 31 қабірдің бар екенін анықтады.


Бірақ халық қабірдің одан да көп екенін айтып отыр.


Қазбадан шыққан сүйектер қала зиратына қайта көмілді. Құлпытастары болса Өзбек Хан мешітінде сақталатын болды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар