Қытай есебін жариялады

Ұйғыр аймағындағы тығыз қауіпсіздік шаралары жалғасуда.

208703
Қытай есебін жариялады

Қытай Ұйғыр автономдық аймағына байланысты есеп жариялады.


Пекин әкімшілігі Шыңжаң Ұйғыр автономдық аймағындағы қауіпсіздік шараларын білдірді.


Есепке қарағанда, аймақта соңғы алты айда 115 террорлық топ лаңкестік іс қарсаңында кедергіге ұшырады. 334 адам тұтқынға алынды.


Интернетте 294 террор мазмұнды материал мен 18 мың заңсыз діни кітаптарға байланысты тергеу ашылды.


Пекин әкімшілігі мамыр айында Ұйғыр автономдық аймағында және басқа да өңірлерде азаматтарды нысанаға алған шабуылдар артқандықтан аймақта бір жыл бойы тығыз қауіпсіздік шара қолданатынын білдірген болатын.


Мамандардың айтуынша Қытай басшыларының барлық шара мен қысымшыл істеріне қарамастан аймақта тәртіпсіздік жалғасуда.


Қытай баспасөзінің жазғанына қарағанда, аталмыш аймақта соңғы алты айда 8 қақтығыс оқиғасында 175 адам қаза тапты.


Өткен жылы осы кезеңде бұл көрсеткіш 46 болатын.


Есепте ұйғыр ғалым Илхам Тохтының өмір бойы бас бостандығынан айрылуы да табыс ретінде жазылған.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар