Түрік Қызылайы түрікмендерге көмек жібереді

Ирактағы қақтығыстарға орай үйлерінен кетуге мәжбүр болған түрікмендерге көмек жолданады.

67075
Түрік Қызылайы түрікмендерге көмек жібереді

Түрік Қызылайы осы жөнінде мәлімдеме жариялады. Ирактағы қақтығыстарға орай үйлерінен кетуге мәжбүр болған түрікмендерге көмек жолданады.

Түрік Қызылайы төрағасы Ахмет Лүтфи Акардың шақыруы бойынша филиалдарда алғашқы сатыда жиналған 16 трейлер көмек материалы Газиантеп қаласына жеткізілді.


Материалдар тиелген көліктер ертең Тель Афердің Синжар өңіріне қарай жолға шығады. Аймаққа алдымен төсек, шатыр мен азық-түлік жолданады.


Аталмыш мекеме түрік халқы, азаматтық ұйымдар, конфедерациялар және компаниялардың көмегімен аймақтағы түрікмендерге көмектесуді жалғастырады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар