"Түрікмендер үшін сенімді аймақ қалыптастыру керек"

Ирак Түрікмен майданының басшысы Ершад Салихи осылай деп мәлімдеді.

128338
"Түрікмендер үшін сенімді аймақ қалыптастыру керек"

Ирак Түрікмен майданының басшысы Салихи «Түрікмендер үшін сенімді аймақ қалыптастырылуы керек» деді.


Ирак Түрікмен майданының басшысы Ершад Салихи бұл мәлімдемесін Ирак парламентіндегі баспасөз мәслихатында білдірді. «Бағдаттағы орталық әкімшілік пен Ирак күрд аймақтық әкімшілігі арасындағы кикілжіңнің құрбаны түрікмендер болды» деді ол.


Түрікмендердің Ирак және Левант Ислам мемлекеті ұйымы басшылығындағы қарулы топтар басып алған Тель Аферден көшуге зорланғанын, мұндай көштердің бұрын да жүйелі түрде жасалып келгенін айтты.

«Халықаралық қоғам Диала және Керкүкте түрікмендерді қақтығыстан алыстатып, олар үшін сенімді аймақ қалыптастыруы керек» деген Салихи түрікмендерге жасалғандардың қырғын екенін атап көрсетті.
Қақтығыс болған аймақтардан шығып, Ирактың солтүстігін паналаған түрікмен саны 350 мыңнан асып барады.


Бір мезгілден бері қақтығыс болып жатқан елде ISIS басшылығындағы қарулы топтар Мосул, Тикрит, Бакуба және Тель Афер қалаларын бақылауына алып, Енбар қаласының кейбір аудандарын да басып алды.


Мосыл басып алынғаннан кейін Бағдат әкімшілігі мен Ирак күрд аймақтық әкімшілігі арасында талас болған Керкүк сынды кейбір жерлерге де пешмерга топтары кіріп, билікті алған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар