Родостағы түрік мектебі қайтадан ашылуы керек

Родоста өмір сүретін мұсылмандар түрік мектебінің қайтадан ашылуын қалайды.

112220
Родостағы түрік мектебі қайтадан ашылуы керек

Османлы Империясы шамамен 400 жыл билік құрған Родоста өмір сүретін мұсылмандар 42 жыл бұрын реставрация сылтауымен жабылған түрік мектебінің қайтадан ашылуын қалайды.
Османлы мемлекет қайраткерлерінің бірі Фетхи паша Родоста 1856 жылы Сүлеймание медресесін салғызған болатын. Мұсылмандар осы медресені түрік мектебі деп атап кеткен. Мектеп 1972 жылдан бері жабық тұр. Аралда өмір сүретін 6 мың қандас ана тілде білім берілуін сұрап отыр.
Түрік мектебінің түлектерінің бірі 84 жасар Сүлейман Базламба «Стамбулда понтилерге білім беретін мектеп болса, Родоста да түріктерге білім беретін мектеп болуы керек. Мектебіміздің ашылуын сұраймыз» деді. Базламба өз әулетінің Кануни Сұлтан Сүлейман падиша Родосты жеңіп алғаннан кейін Анадолыдан көшіп келгенін айтып, «Родоста дүниеге келдім. Алты жасымда Сүлеймание медресесінде оқи бастадым. Сауатымды осы медреседе аштым» деді.
Түрік тілінде білім алумен қатар діни білім алғандарына назар аударған қария қазір осы аралда тұратын қандастардың осы мүмкіндіктерден мақұрым екенін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар