ТУРИЗМ АПТАЛЫҒЫ

15-22 сәуір

2126004
ТУРИЗМ АПТАЛЫҒЫ

Жер шарында 20-ғасырмен бірге артқан туризм істері түрлі ел азаматтарының жаңа ел мен мәдениеттерді тануына және жылдық демалыстарын басқа жерлерде өткізуіне мүмкіндік берді.  Бүгінгі күні мәдениеттен теңізге, медицинадан спортқа дейін көптеген салада туризм жетілді.  Түркияда туризм саласында жұмыстар жылдам ілгерілеуде. Географиялық артықшылықтың да үлесімен еліміз жылдың барлық маусымында туристерді өзіне тартады.

 Медицина туризм саласында Түркия – әлемнің беделді елдерінің бірі. 2023 жылы медициналық қызмет алу үшін елімізге барлығы 1 миллион 398 мың 504 турист келген.

Әлемнің алдынғы қатарлы туризм орталықтарының бірі болуды мақсат еткен Түркия үшін қатысты мемлекеттік  мекемелер,  жеке меншік компаниялар, еліміздің ерікті туризм елшілері, азаматтарымыз және елімізден жақсы естеліктермен кеткен туристер үлес қосады.

Демалыс үшін жоспарлар жасалған осы күндері тап-таза табиғаты, бір-бірінен әсем жағажайлары, мыңдаған жылдық мәдени жәдігерлері,  мұражайлары және аңызға айналған түрік асханасымен еліміз әлемнің түкпір-түкпірінен келетін туристерді күтеді.



Ұқсас жаңалықтар