«Газиантеп Баклавасы»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 15

2124952
«Газиантеп Баклавасы»

«Газиантеп Баклавасы»

Тіркелген уақыты:  28.03.2005

Қазіргі таңда түріктің атақты десерті дегенде, ең алдымен «Газиантеп баклавасы» еске түседі. Газиантеп Өнеркәсіп палатасының өтініші бойынша 2005 жылдан бері Түркияның географиялық белгісі бар өнімдерінің қатарына енді. Түркияның Газиантеп қаласында ортаға шығып, әкеден балаға, шеберден шәкіртке мұра қалатын «Газиантеп баклавасы» - дәстүрлі түрік тағамдарының ең маңызды десерт түрлерінің бірі. Баклаваны жасаған кездегі ең маңызды тұсы қалыңдығы 3-4 сантиметрге ұласатын қамырды өте жіңішке етіп жаю. Ол үшін шамамен 35-40 дана жұқа қамыр жаю керек. Баклаваның ішкі салмасы тағы географиялық белгісі бар «Газиантеп жаңғағы», сары май және қаймақпен дайындалады. Баклаваның шеберлері алдымен сары май жағылған 15-20 шақты жұқа қамырды түбін майлаған дөңгелек немесе бұрышты алюминий науаға бір-бірі үстіне жайып, кейін қамырдың үстіңгі қабатына қаймақ бөліктерін қосады. Артынан қаймақтың үстіне «Газиантеп жаңғағын» көбірек себеді. Содан кейін 15-20 данадан тұратын жұқа қамырды бір-бірін үстіне жауып, баклаваны өткір пышақпен қалауы бойынша кесіп, үстіне еріген сары май құяды.

Шамамен жарты сағаттай пеште піскен баклаваның үстіне пештен шыққан бойда ыстық шәрбәтті төгіп, біраз уақытқа тынықтырады. Қазіргі уақытта Газиантеп жаңғағынан басқа қаймақпен де дайындалатын «Газиантеп баклавасы» әрі күнделікті тұтынғанда, әрі той-думандар мен мерекелер сияқты арнайы күндерде таптырмас дәмдердің бірі болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар