Энергетикадағы жаңа бағыт: Жерорта теңізі

«Энергетика әлемі» - 15

2124950
Энергетикадағы жаңа бағыт: Жерорта теңізі

Энергетикадағы жаңа бағыт: Жерорта теңізі

Жерорта теңізі бассейні 21-ші ғасырдың жаңа резервтерімен әлем көмірсутегі ресурстары арасында әлеуеті жоғары аймақтардың бірі болып есептеледі.

Әсіресе Жерорта теңізінің шығысында бірінен соң бірі ашылған жаңа кен орындары да бұл көзқарасты растайды.

Сонымен Жерорта теңізі бассейнінде қай елдің қанша резерві бар?

Алжир 12,2 миллиард баррель мұнай және 4,3 триллион текше метр табиғи газ резервіне ие.

Ливияның 48,4 миллиард баррель шикі мұнай және 170 триллион текше метр көлемінде табиғи газ қоры бар.

Марокко су айдынында 1,4 триллион текше метр мөлшерінде табиғи газ бар екені болжалады.

Мысырдың 3,3 миллиард баррель мұнай мен 1,7 триллион текше метр көлемінде табиғи газ резерві бар екені атап көрсетіледі.

Тунистің 65 миллиард текше метр табиғи газы, 425 миллион баррель мұнай резерві бар.

Кипр аралы мен Израиль арасындағы аймақта 176 миллиард текше метр мөлшерінде табиғи газ бар екені алға тартылады.

Сирияның жалпы мұнай резервінің 2,5 миллиард баррель, табиғи газ резервінің 240 миллиард текше метр мөлшерінде екені атап көрсетілуде.

АҚШ Геологиялық зерттеу орталығы мәліметтеріне қарағанда Жерорта теңізінің шығысы бойынша жалпы құны шамамен 1,5 триллион долларды құрайтын 30 миллиард баррель мұнайға тең көмірсутек орындары бар. Мұның басым бөлігі табиғи газ.

Жерорта теңізі бассейніндегі елдерге қоса, халықаралық актерлердің аймақтағы барлау және сейсмикалық жұмыстары да Жерорта теңізінің шығысындағы энергетикалық теңгерімде жаңа тепе-теңдіктердің пайда болуына себеп болады.

Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігі 2007 жылы Кипр аралының айналасында біржақты ерекше экономикалық аймақ жариялады. Кейін 13 бөлек жерде іздеу жұмысын жүргізетінін хабарлады. Мысыр және Грекиямен келісімдер жасады.

Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігінің бұл ұстанымына Анкара өте қатал наразылық көрсетті. Алдымен көптеген «НОТАМ» жарияланды. Содан кейін аймаққа әскери кемелер жіберілді. Бұл үдерісте «Көгілдір Отан» доктринасы қабылданды.

Анкара Ливиямен де теңіз жауапкершілік алаңдары келісіміне қол қойды.

Бұл үдерісте Еуроодақ пен АҚШ понтилердің жанында орын алды. Жерорта теңізінің шығысындағы табиғи газды Еуропаға тасымалдауды мақсат етіп, Түркияны айналып өтетін «EastMed» жобасы жарияланды.

Жоба аясында Жерорта теңізінің шығысынан шығарылатын табиғи газды Грекия арқылы Италияға тасымалдау қамтамасыз етілeтін. Дегенмен АҚШ жобаның құнына байланысты қолдаудан бас тартты.

Көмірсутегі ресурстарына қоса, әрі Сириядағы азаматтық соғыс, әрі Палестина-Израиль мәселесі Жерорта теңізінің шығысын халықаралық актерлер үшін күш күресі майданына айналдырды. Көптеген ел Жерорта теңізінің шығысындағы халықаралық теңіз айдынына әскери болмысын орната бастады.

Израильдің шабуылдары энергетиканың бағытын өзгертті ме?

Газа секторындағы соғыстың Жерорта теңізінің шығысындағы энергетикалық саясатқа үлкен әсер етуі күтіледі.

Алайда оқиғалардың барлығына қарамастан Еуропаның энергетика қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мәжбүр, бұл Жерорта теңізінің шығысында Түркияны аса маңызды бір елге айналдыруда.



Ұқсас жаңалықтар