«Ахлат балдағы»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері - 09

2108678
«Ахлат балдағы»

«Ахлат балдағы»

Тіркелген уақыты: 26.12.2017

Түркияның Шығыс Анадолы аймағындағы Ван көлінің жағасында орналасқан Битлис қаласының ежелгі ауданы Ахлат әсіресе Анадолы мен түрік тарихы тұрғысынан өте маңызды болып табылады. Ауданда табылған Урарту, Селчук, Аққойынлу және Осман мемлекеті дәуіріне тән жәдігерлерде аймаққа және түріктердің Анадолыға келуіне қатысты маңызды деректер кездеседі. Ахлат ауданы сонымен қатар жоғары сапалы қолөнермен назар аударады. Әрі күнделікті қолданыста, әрі қолөнері құндылығына бар бір балдақтың түріне өз атын берген. Тарихы және жасалу әдісі ғасырларға созылған «Ахлат балдағы» Ахлат аудан әкімдігінің сұранысымен 2017 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері тізіміне енді.

Балдақ аймақта арнайы өсірілген жаңғақ ағаштарынан өндіріледі. Ахлаттағы жаңғақ ағаштарының күтімі мен суарылуы жүйелі түрде жасалады. Сондықтан талдары ұзын және бұтақ саны аз ағаш болып табылады. Ахлат балдағы екі мақсатпен шығарылады. Өңірдегі шеберлер тарапынан жасалатын балдақтың бірінші түрі қарттар мен науқастардың күнделікті қажеттілігін қамтамасыз ететіндей өндірілген қалың балдақ, екінші түрі болса сәнді және қалаға келушілерге арналады. Балдақ өндірісінің ең маңызды ерекшелігі қолданылатын жаңғақ ағашының 1 жыл ешқандай күн сәулесін көрмеуі және 2 жыл бойынша кептірілуі. Бұл балдақтың беріктігі үшін өте маңызды болып табылады. Станоктардың көмегімен пішінделген соң балдақ толығымен шеберлердің қол өнерімен өндіріледі. Балдақ шеберлері анықталған кеуде моделіне қарай инсталяция, ою, күйдіру немесе бояу әдістерінің бірін пайдаланады. Балдақтың құндылығын арттыратын «эбру», алтынға малу және миниатюралық оюлар шеберлер тарапынан Ахлат балдағының кеуде бөлігіне мұқият жасалса, балдақтың тұтқасында жануарлардың фигуралары немесе алтын мен күміс сияқты асыл тастар қолданылады.



Ұқсас жаңалықтар