Түрік Республикаларындағы оқиғалар

Еуразия күн тәртібі–08

2106690
Түрік Республикаларындағы оқиғалар

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров 2024 жылының 12-14 ақпанында Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды. Садыр Жапаров сапар аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің премьер-министрі Мұхаммед Бин Рашид Әл-Мактум  және Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Әл-Мазруимен кездесулер өткізді. Қырғызстан президенті Жапаров Дубайда өткен 10-шы Дүниежүзілік үкімет саммитіне қатысып, сөз сөйледі. Президент Жапаров сонымен қатар Дубай Ислам банкі, Абу-Даби Даму қорының бас директолары  және БАӘ іскерлерімен жеке кездесулер өткізді.

***

2024 жылы 14 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Катарға мемлекеттік сапармен барды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әмірі Тамим бен Хамад әл-Танимен және Катар премьер-министрі Мұхаммед бен Абдулрахман әл-Танимен кездесті. Келіссөздер соңында екі ел арасында 9 келісімге қол қойылды. Сапар аясында Катар кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел жиналысын өткізді. Президент Тоқаев Катардың алдыңғы қатардағы іскерлермен де жеке кездесулер өткізді.

***

Соңғы жылдары Түрік Республикалары мен араб елдері арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстар жиілеп кетті. Ақпан айының басында Венгрия президенті Каталин Новак Катарға барды.

Енді бір жағынан  Венгрия президенті Каталин Новак балаға зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталған адамды кешіру арқылы қателік жасағанын және Катар сапарынан оралғаннан кейін қызметінен кеткенін айтты. Венгрия Мәжілісі  жаңа президентті 30 күн ішінде сайлайды.

***

Әзербайжанда 2024 жылы 7 ақпанда өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткен Ильхам Әлиев 2024 жылы 14 ақпанда Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінде ант берді. Президент Әлиевтің Ұлттық мәжілісте сөйлеген сөзінде Түрік Одағына баса назар аударылды. Ильхам Әлиев «Алдымен біз Түркі Мемлекеттері Ұйымы аясындағы жұмысымызды жалғастырамыз. Бұл біз үшін өте маңызды екенін анық айтқым келеді. Түркі Мемлекеттері Ұйымы басты халықаралық ұйым болып табылады. Өйткені Түрік әлемі біздің отбасымыз.Түркі Мемлекеттері Ұйымы маңызды актер және күш орталығына айналдыру үшін бірлескен күш-жігерімізді салуымыз керек. Бұны бірге жүзеге асыра аламыз» деді. Президент Әлиевтің Түркі әлеміне қатысты мәлімдемелері Түрік Республикалары арасындағы интеграцияның халықаралық аренада қаншалықты маңызды болғанын көрсетеді. Президент Әлиевтің сөзінде неоколониализмге баса назар аударуы да өте маңызды.

Қарабах мәселесі шешілгеннен кейін Әзербайжан тарихында жаңа көкжиек ашылады. Әзербайжан әкімшілігі бұдан былай басқыншылардан азат етілген аймақтарды дамыту және президент Әлиев айтқандай, Түркі әлемін халықаралық аренада күшті ету үшін күш салады.



Ұқсас жаңалықтар