Антарктикадағы ыстық ауа туралы зерттеу жарияланды

Ең қызықты деректер - 59

2074277
Антарктикадағы ыстық ауа туралы зерттеу жарияланды

Антарктикадағы ыстық ауа туралы зерттеу жарияланды

 Ауа температурасының маусымның қалыпты жағдайынан шамамен 39 градус асқаны қазірге дейін тіркелген ең қалыпты емес оқиға.  Осы ыстық ауа толқынында климат өзгерісінің үлесі 2 градус деп өлшенді.

**

Антарктика құрлығында 2022 жылы наурыз айында болған,  аймақтағы зерттеушілердің шорт киюіне себеп болған аптап ыстық толқынына байланысты зерттеу жарияланды.  Осы зерттеу қалыпты емес ыстық ауа толқынында климат өзгерісінің үлесінің аз екенін көрсетті.

АҚШ-та жүргізілген және нәтижесі «Advancıng Earth and Space Scıence» (AGU) журналында жарияланған бір зерттеуде Антарктикадағы Конкордия стансасында 2022 жылдың 18 наурыз күні болған ыстық ауаның -11,5 градусқа көтерілуіне себеп болған толқынның себептері қарастырылды. Зерттеу қалыпты температурасы -49 градус болатын аймақта кейбір зерттеушілерің шорт киюіне себеп болған ыстық ауа толқынында климат өзгерісінің әсерінің аз болғанын көрсетті.  Негізгі себептің аймақтық табиғи өзгерісі екені анықталды.

Арадағы айырмашылықты өлшеу үшін бір симулятор құрылғы қалыптастырған зерттеушілер климат өзгерісінің әсерінің тек 2 гралус шамасында екенін білдірді.  Аталмыш ыстық ауа толқынының Австралияның ыстық және ылғалды ауа алып келетін төтенше ауа құрыбысы екенін атап көрсетті.

Климат өзгерісінің ролі әлі зерттелуде

Осы зерттеу ыстық атмосфераның температураның артуында үлкен рол ойнамағанын алға тартса да,  климат өзгерісінің толықтай ролі әлі зерттелуде.

Ғалымдар климат өзгерісінің ыстық ауа массасын құрлыққа алып келген қалыпты емес желге әсері секілді анықталмаған басқа бір әсері болуы мүмкін екенін айтып отыр.

Дереккөз - TRT Haber



Ұқсас жаңалықтар