Мұстафа Кемалдің республиканы құру туралы шешімді көп жыл бұрын қабылдағанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 60

2054285
Мұстафа Кемалдің республиканы құру туралы шешімді көп жыл бұрын қабылдағанын білетін бе едіңіз?

Түркия Республикасы 100 жылдығын атап өтуде.

Республика 1923 жылы 29 қазан күні жарияланды. Алайда Мұстафа Кемал Республиканы құруды осы күннен бірнеше жыл бұрын шешті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңында жеңіліске ұшырады деп есептелген Осман мемлекеті өзі үшін өлім жазасы деген мағынаға келетін қатал шарттарға толы «Севр келісіміне» қол қойып, жерлері басып алынды. 1919 жылы 19 мамыр күні Самсун қаласында түрік ұлтының азаттық күресін бастаған Мұстафа Кемал барлық келеңсіз жағдайларға қарамастан міндетті түрде жеңіске жететініне сенді. Алайда азаттық соғысы әлі басталмаған еді, тіпті тұрақты түрік армиясы да болмаған.

1919 жылы шілде айында Эрзурумда тәуелсіздік соғысын жоспарлау мақсатты бір конгресс жиналды. Бір күні кешке Мұстафа Кемал осында досы болған Мазхар Мүфит Қансуға жеңістен кейін басқару режимінің республика болатынын айтады. Алайда сол күн келгенше айтқан бұл сөзі құпия болып қалуы керек еді. Бұл олардың арасындағы жалғыз құпия емес. Сол кеште Мұстафа Кемал киім саласында реформа жасалатынын айтады. Сонымен қатар ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан араб әліпбиінің орнына латын әліпбиі қолданыла бастайды.

Төрт жылдан кейін соғыс түрік ұлтының жеңісімен аяқталып, «Лозанна Бейбітшілік шарты» қабылданып, сұлтандық жойылды. 1923 жылы 28 қазан күні кешке Мұстафа Кемал достарына «Ертең Республикамызды жариялаймыз» дейді. 29 қазан күні Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде (ТҰҰМ) республиканың жариялануы қабылданды. Артынан жабық форматта дауыс беру арқылы президент сайлауы өтіп, 158 депутаттың барлығы Мұстафа Кемал пашаны жаңа түрік мемлекетінің тұңғыш президенті етіп бір ауыздан сайлады.

Жаңа түрік мемлекеті бүкіл әлемге жарияланғаннан кейін Мұстафа Кемал жылдар бұрын жоспарлаған басқа да қадамдар бірінен соң бірі жүзеге асты. Тек киім саласында ғана емес, білім, құқық, мәдениет, экономика, әйелдерге саяси құқықтар беру сияқты қоғамдық өмірдің барлық салаларында көптеген реформа жасалып, латын әліпбиі қабылданды. Осылайша Түркия Республикасы Мұстафа Кемал Ататүрік мақсат еткен зайырлы, заманауи және демократиялық мемлекет ретінде әлем елдері арасында өз орнын алды.



Ұқсас жаңалықтар