Қаратеңіздегі Эрейли ауданы

Капитанның борт журналы - 26

2044259
Қаратеңіздегі Эрейли ауданы

Қаратеңіздегі Эрейли ауданы

Ауа райы ашық. Күн шығып тұр.  Жел баяу. Теңізде толқын өте жай. Біз баратын жер – Гераклея Понтика, яғни Понти Гераклеясы. Борт журналына жазатындарымызды жаздық. Енді қайығымыздың қонақтары, сіз-тыңдармандар дайын болсаңыздар.  «Жиһангез» сапарын бастайды.

**

Қаратеңізде жүзіп бастадық, ротамыз – Зонгулдактың Эрейли ауданы.  Бүгін Рим дәуіріне дейін маңызды портты қала болған Понти Гераклеясына барамыз.  Қала өз атын грек мифологиясындағы Гераклден алған.  Понтика болса аймақтың ежелгі дәуірдегі есімі. Қаһарман деген атақ берілген Геракл -құдайлар құдайы Зевстің баласы. Қаһарман деп аталуының себебі өлілер елінің күзетшісі үш басты Керберді жеңеді және жер бетіне шығарады.  Мифологияға қарағанда, Гераклдің он екі міндетінің бірі – тамұқтың күзетші иті Керберді Понти Гераклеясындағы Тамұқаузы үңгірлерінен жер бетіне шығару.  Сондықтан ежелгі дәуірде Геракл нанымы қалада кең тараған.  Понти Гераклеясынан табылған монеталарда қаһарман Геракл және мифологияда жиі аталған Гераклдің он екі міндеті орын алады.

**

Понти Гераклеясы бүгінгі күні Қаратеңіз Эрейлісі деп аталады.  Қалаға жетуге аз уақыт қалды.  Жел жайымен есіп отыр.  Күн төбеге көтеріле бастады. Көгілдір ішінен жасыл қала шығады алдымызға. Жылдамдықты біраз азайтып, желді артымызға алып, баяу жылжимыз. Көсеағзы жағажайына жақын жерге зәкір тастаймыз.

Мифологиядан нәр алған Понти Гераклеясының мықты әкімшілік құрылымы болды. Осы ерекшелігіне орай қысқа уақытта аймақтың ең маңызды саяси биліктерінің бірі болды және осы тұғырын көптеген жыл сақтап қалды. Қала құрылғаннан бастап бүгінге дейін адамдар қоныс тепкен мекен болды.

Понти Гераклеясы маңызды портты қала болғандықтан экономикалық жағынан да едеуір мықты болатын.  Айырықша порт ежелгі дәуірде теңізшілерді құтқарған порт деп аталатын еді.  Қаладағы өзендерден нәр алған алқаптардағы бидай, арпа, жаңғақ, зәйтүн секілді өнімдер мол болатын.  Ежелгі қала Понти Гераклеясы Родос бастаған көптеген қаламен қарым-қатынас орнатқан маңызды сауда орталығы болды.

Енді мифологияның айтуынша қаланың құрылуында рол ойнаған Тамұқағзы үңгіріне қарай жол тартамыз.  Бұл жер – грек мифологиясындағы жеңілмейтін және мықты құдай Гераклдің ең қиын міндетін атқарған жері.  Гераклдің міндеті тамұқтың қақпасында күзетте тұрған үш басты ит Кербесті «Өлілер елінен» алып қашу болатын.  Өлілер еліне барғандар ешқашан қайта оралмайтын болған.  Міне,  Геракл Кербесті алып қашу үшін жер астына түскен жері осы Тамұқағзы үңгірі.

Осында бір-біріне жақын тұрған үш үңгір бар. Жүргізілген археологиялық қазбаларда эллиндік, Рим және Византия дәуірлерінен қалған жазулар мен құлпытастар шығарылған.  Бірінші үңгір Шіркеу үңгірі деп аталады. Христиан дініне тыйым салынған кездері алғашқы христиандар осы үңгірді ғибадаттарын жасырын қылу үшін қолданған.  Мамандар осы алғашқы үңгірдің ерте христиан діні дәуірінен қалған өте көне шіркеу екенін айтады.  Үңгір ішінде бағаналары, өсімдік және геометриялық нақышта мозайкалары және су қоймасын көруге болады.

Екінші үңгірді өңіл халқы «Қожа Юсуф үңгірі» деп атайды.  Бұл үңгір бөктерде орналасқан.  Таудың ішіне қарай ойық үңгірдің тек кішкентай жерін ғана аралауға болады. Тамұқағзы үңгірлері әрі алғашқы дәуірдің көріпкелдік орталығы,  әрі ерте христиан діні кезеңінен қалған ғибадат орны.

Үшінші үңгір болса «қасиетті су» деген мағынаға келетін Аязма үңгірі деп аталады.  Себебі үңгірдің түбі суға толы.  Сондықтан әрі Шіркеу үңгіріне,  әрі Қожа Юсуф үңгіріне су қамдап тұратын қойма міндетін атқарады.

Зонгулдак Эрейлисі тек ежелгі дәуірдегі Понти Гераклеясы қаласымен шектеулі емес, осында өткеннің іздері көрінетін басқа бір үңгір бар: Инөнү үңгірі. Үңгірде жүргізілген қазбаларда ортаға шыққандар әрі Анадолы,  әрі әлем археологиясында маңызды орын алады.  Себебі осында 6500 жылдық қоныс болғаны анықталған.  Мамандар осы жердің Қаратеңіз жағасындағы ең көне елді мекен екенін айтып отыр.



Ұқсас жаңалықтар