Гиресун аралы

Капитанның борт журналы - 10

1990743
Гиресун аралы

Гиресун аралы

Ашық ауа. Теңіз «Жиһангез» қайығымызды жайымен тербетіп тұр.  Баяу жел желкенімізді қозғалысқа салу үшін күтіп тұр.  Барлығымыз қайыққа отырған болсақ, теңізге шығалық. Ротамыз – Гиресун аралы.  Себебі өткен апта сізге уәде берген болатынмын. Бүгінгі сапарымызды аралдан бастаймыз.

Қаратеңіз аралдар жағынан біраз кедей. Қаратеңізде арал өте аз. Үстінде адам өмір сүруге болатын тек екі арал бар.  Иә,  қате естімедіңіздер.  Қаратеңізде тек екі аралда ғана адамдар өмір сүре алады. Міне, сол аралдардың бірі – Гиресун аралы. Оның үстіне шығыс Қаратеңіздегі ежелгі және орта дәуірде елді мекен болған жалғыз арал. Бұл жер генуэздіктер мен венециялық теңізшілердің панасы болған. Ол туралы аңыздар немесе мифологиялық хикаялар Гиресун аралына мистикалық атмосфера береді. Жағаға тоқталық, осы қызықты аралды бірге аралап басталық. Белгілі ең танымал аңызға қарағанда аралды жауынгер Амазон әйелдер құрады. Грек мифологиясында Геракл, Рим мифологиясында болса Геркулес деп аталған мықты алпауыт Алтын теріні табу үшін Арагонаттармен бірге Гиресун аралына келеді. Аралға жыл сайын Әзірет Юсуфтың мүсінін іздеу үшін Грекиядан жорықтар ұйымдастырылады. Бала тууды және берекетті бейнелейтін бір жартастың төңірегінде жыл сайын мамыр айында фестивальдер өткізіледі.  Гиресун аралы әрі аңыздарымен, әрі әдеттерімен келуші тартады өзіне. Келіңіз, барлығымыз бірге қабырға қалдықтары, монастырь, шапель және фестивальдерде басты рол атқарған,  атын латын тіліндегі «туу» сөзінен алған сол қызық жартасты көрелік. Артынан қайыққа отырып, Гиресун қаласының табиғи сұлулықтарын тануды жалғастыралық.

Гиресун аралы мен порттың арасы жарты сағаттық жол, қадірлі тыңдаушылар. Сіз теңізден ескен самал желмен разаттанып, демалып алыңыз. Себебі Кузалан табиғат саябағы бізді күтіп тұр. Қалың орман және ауқымды шалғындарымен атақты саябақ бұл жер. Кузалан табиғат бағын басқа саябақтардан ерекшелендіретін бір қасиеті бар.  Бұл жерде әлемде өте аз орманда табылатын үлкен травертендер бар. Бұл травертендер Гөксу травертендері деп аталады. Бұларды жер астынан шығатын минералды су қалыптастырған. Сонымен бірге оған керемет көгілдір түсін берген.  Жақын уақытқа дейін бұл травертендер туралы көп адам білмейтін. Енді Гөксу травертендеріне жарты сағаттық қашықтықтағы Мави көлге баралық. Бұл жер – табиғат кереметі. 2014 жылы табылған. Түрлі мөлшердегі көлдері мен осы көлдердің бір-бірінің үстіне жылға секілді ағуы қатты назар аударады. Көл өз атын әктас және минералды судан туындаған көгілдір түсінен алады.  Осы керемет көл тамаша түстері және табиғатымен әрі фотосурет құмарлардың,  әрі трекинг құмарлардың назарын аударады.

Кузалан табиғат бағы Күмбет және Кулаккая жайлауының арасында орналасқан.  Екі жайлау да қалың орманмен қоршалған. Жап-жасыл шалғындардан тұрады. Бұл жайлауларға туристер көптеп келеді.

Жайлаудан жағаға қарай төмен түсудің уақыты келді,  себебі кезекте Гиресун жағажайлары арасында атағы шыққан бір жер бар.  Іші ойылған секілді болып көрінетін осы жартастың аты Деликлиташ. Яғни тесігі бар тас деген мағынаға келеді.  Жағажай да осы атпен аталады.  Түрлі табиғи құбылыстар және теңіздің әсерімен ортаға шыққан жартастың адамды таңғалдыратын көрінісі бар.  Туристер көп келетін Деликлиташ тек көрінісі үшін емес,  сонымен бірге өзі туралы айтылатын аңыздарымен де танымал. Себебі өте ескі уақыттардан бері осы тесіктен өткен адамдардың тілектері қабыл болады деп айтылады. Тесік тастың артындағы шағын үңгірде болса жартас қабірлері орын алған бір археологиялық алаң бар. Аңыз,  тарих және табиғат етене қауышқан керемет жер – Деликлиташ жағажайы. Қане, сіз де осы тесіктен өтіп жатып, бір тілек айтыңыз ішіңізден. Бәлкім тілегіңіз орындалар.

 

 



Ұқсас жаңалықтар