Ататүріктің алғаш түрік астрономия кітабын жаздырғанын білетін бе едіңіз?

«Бұларды білетін бе едіңіз?»-37

1986537
Ататүріктің алғаш түрік астрономия кітабын жаздырғанын білетін бе едіңіз?

Түріктердің азаттық соғысы жеңіспен аяқталғанда түрік ұлты үшін тағы бір соғыс басталатын. Бір жағынан экономикалық қиындықтармен күрес жүргізіліп жатса, екінші жағынан ғылым мен өнерге инвестиция салынып, студенттер шетелге оқуға жіберіліп, заманауи мемлекет құрыла бастаған болатын.

Ол кезде адамдар астрономияның не екенін де білмейтін. Дегенмен бір адам оның маңыздылығын жақсы білген. Ататүрік ғылымға бет бұрған озық ойлы мемлекет қайраткері болды. Сорбонна университетінде ұшақ инженерлігі бойынша білім алған профессор, доктор Али Ярдан астрономия кітабын жазуды сұрайды. Әлемде бір мемлекет қайраткерінің астрономия кітабын жаздыруының басқа үлгісі жоқ.

Профессор Али Яр «Космография» атты бір кітап дайындайды. Кітаптың алғаш басылымы дүниежүзілік үлкен экономикалық күйзеліспен күрес жалғасып жатқан 1929 жылы жарық көріп, орта мектептің 8-ші сыныптарына міндетті оқулық ретінде енді. Кітапта жыл мезгілдерінің пайда болуынан қара құрдымдарға, Аристотельден Коперник пен Галилейге дейін барлық мықты ғалымдардың көзқарастарына Күн жүйесінен бастап, Құс жолы картасына дейін сол даталарға қатысты өте маңызды мәліметтер қамтылған. Сондай-ақ аспан карталары, ғаламшарлар, жұлдыз шоғырлары, телескоптар мен тіпті ай бетіндегі кратер де көрсетіледі.

1956 жылы Уэльс текті ғалым, доктор Хью Перси Вилкинс Айдағы үлкен бір кратерге өзі қатты құрмет тұтатын Ататүріктің есімін берді.



Ұқсас жаңалықтар