Түркияның әлемнің ең көп турист баратын елдер қатарында екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 13

1911583
Түркияның әлемнің ең көп турист баратын елдер қатарында екенін білетін бе едіңіз?

Әлемнің ең көп турист баратын елдер қатарында Түркияның 6-шы орында екенін білетін бе едіңіз?

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туризм ұйымының статистикасы бойынша Түркия 45 миллионнан астам турист санымен әлемде ең көп турист келетін елдердің қатарында. 

Тарихи және мәдени байлығымен таң қалдыратын Түркияға Қытайдан Ресейге, Германиядан Ирландияға, Оңтүстік Кореядан Жапонияға дейін жыл сайын 100-ден астам елден миллиондаған адам келеді. 

Үш ұлы империяға бас қала болған, екі құрлықтың басын қосқан әлемнің жалғыз қаласы Стамбулға қоса, көгілдір теңізі, алтын құммен көмкерілген жағажайлары және табиғи сұлулығымен Анталия мен Муғла қалалары, сәулеті және тарихымен Эдирне қаласы әлемнің ең көп туристтер аралаған 100 қаланың қатарында орын алады. 

Түркияда жазғы туризмнен қысқы спортқа, табиғат, мәдениет, дін, спорт, сауықтыру және конгресс туризміне дейін туризмнің көптеген саласында іс-шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ тамаша тарихи қазына болған және ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін көптеген өркениеттер билік құрған Түркия – мәдени байлығы тұрғысынан әлемдегі сирек елдердің бірі.

ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде Түркиядан 17 мәдени, 2 аралас, барлығы 19 мұра нысаны бар. Дүниежүзілік уақытша мұралар тізімінде болса Түркияның 77-сі мәдени, 4-і аралас және 3-і табиғи барлығы 84 мұра нысаны бар. 

 



Ұқсас жаңалықтар