Қолмен қазылған ең үлкен туннель

Анадолының тұңғыштары - 8

1900489
Қолмен қазылған ең үлкен туннель

Тит Веспасиан туннелі

Анадолы жағрафиясында алдымызға шығатын су ғимараттарының әрқайсысы бір-бірінен қызықты, әр бірі басты шедевр. Судың осы топырақтағы сапары таң қалдырарлық хикаяларға толы.  Анадолы құшақ жайған өркениеттердің барлығы да технология, архитектура және инженерлік тақырыбындағы қабілеттерін су ғимараттары арқылы дәлелдеген. Бұлақтар,  су каналдары, су қоймалары, моншалар, көпірлер...

Олардың барлығында тамаша талғамның көріністері көзге түседі. Осы құрылымдардың кейбіреулерінде қол жеткізілген озық инженерлік білім бүгінгі күннің адамдарын таң қалдырады. Бұл құрылымдар сезімтал есептеулермен, ұсақ детальдар және өз дәуірінен әлдеқайда асып түсетін көрегендікпен салынған. Солардың бірі – өз заманының «мегажобасы» деуге болатын туннель. Бүгін біз «Анадолының тұңғыштары» атты бағдарламада ежелгі инженерияның монументалды үлгісі болып табылатын Тит Веспасиан туннелін баяндап береміз.

**

Тит Веспасиан туннелі бүгінгі күні Хатайдың Самандаг ауданында. Ол көргендерді таңғалдырады, әрі қайран қалдырады. Бұл туннельді саны мыңнан асқан құл мен Рим легионы әскерлері салған. Тек адам күшімен, оның үстіне балға және қашау секілді қарапайым құралдар қолданылып салынған.  Туннель салу үшін тау тесілген. Иә,  қате естімедіңіз, туннель үшін тауды тескен. Оның үстіне қарапайым құралдармен. Түрік тілінде «инемен құдық қазу» деген сөз бар.  Бұл жағдай дәл осы сөзді түсіндіріп тұрғандай.

Рим дәуірінде Шығыс Жерорта теңізінің ең үлкен портты қаласының бірі – Селевкия Пиерия. Рим императоры Веспасиан кезеңінде қалада сел апаты болады. Сел тұрмысқа қауіп төндіреді, әрі сел суы құм мен тастарды айдап әкеліп,  портты толтырады. Император Веспасиан да осы проблеманы шешкісі келеді.  Бір канал ашып, сел суын бақылауға алғысы келеді. Сол дәуірдің алғашқы және ең ірі абаттандыру жобасы пікірі міне осылай шығады.  Құлдар қолдарына күрек алып жұмысты бастайды.  Алайда канал жолында бір кедергі шығады алдарынан. Бұл кедергі – Муса тауы! Жасауға болатын жалғыз нәрсе – тауды тесіп өту. Құлаққа орындалмайтын нәрсе секілді естілсе де, құлдарға балға мен қашау таратылады. Таудың ішінен су өтетін бір туннель қазуға бұйрық беріледі. Осы туннельдің аяқталғанын көруге император Веспасианның өмірі жетпейді. Орнына таққа отырған баласы Тит жобаны жалғастырады.  Туннель аяқталғанда екі қабатты үйдің биіктігіне жететін туннель болады.  Ұзындығы 1,5 км-ге жақын. Бір таудың қарапайым құралдармен қолмен тесілуі сол кезге дейін кездеспеген нәрсе. Құрылыстың ондаған жыл жалғасқаны да айтылады,  бір ғасыр жалғасқаны да.

Тит-Веспасиан туннелі әлемдегі қолмен қазылған ең үлкен туннель ретінде белгілі.  Осы үлкен туннель бүгінгі күні ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұрасының уақытша тізімінде тұр.

**

Екі мың жыл бұрынғыдан қалған мега жобалардың бірі Хатайдағы Тит Веспасиан туннелі  - ежелгі дәуірдің инженерлік кереметі.  Себебі бөгет,  су каналдары, жартасқа ойылған көпір және су қоймаларымен тек бір туннель ғана емес.  Барлық элементтерімен Селевкия Риерия қаласын селге қарсы қорғаған мемориалды бір ғимарат.

Тауды екіге кесіп тастаған секілді көрінетін туннельдің ішіне кіру адамға ерекше сезім сыйлайды. Аспанға қарай созылған терезесі жоқ қабырғалар арасында секілді сезінесіз. Туннельдегі серуен уақытқа куәгер болу секілді. Екі мың жыл бұрын осы жерде жұмыс істеген адамдардың балға және қашауларының дауыстары естіледі құлаққа.

Керемет құрылымды тек қолмен және қарапайым құралдармен салып шыққан адамдарды еске алмастан, таңғалмастан осы серуенді аяқтау мүмкін емес.

**

Тит Веспасиан туннеліне жүз метр қашықтықта көруге тұратын бір үңгір бар.  Бесікті үңгір  - жартасқа ойылған қабір кешені. Ішінде он екі қабір бар.  Бесікті үңгір бағаналары, сәулеті және қираған болса да төбесіндегі декорациясымен назар аударады.

Әрі құрылыс әдісі,  әрі үлкендігі тұрғысынан бүгінге жеткен теңдесі жоқ бір су ғимаратын,  әлемнің қолмен салынған ең үлкен туннелі Тит Веспасиан туннелін баяндап бердік бүгін. 



Ұқсас жаңалықтар