Әлемнің ең үлкен Түрік-Ислам зираты

Анадолының тұңғыштары - 7

1896098
Әлемнің ең үлкен Түрік-Ислам зираты

Әлемнің ең үлкен Түрік-Ислам зираты

Адам баласының өзі өмір сүрген жағрафиядағы мәдени дамуы жасап шығарған құрал-саймандары, өнер және әдебиет өнімдері, тіпті тамақтану әдеттері арқылы көрінеді. Осы дамуды көруге болатын көптеген фактор бар әрине,  бірақ арасындағы ең қызығы – қабірлер мен құлпытастар. Анадолы жағрафиясында қабірлерде тарих туралы көптеген мәлімет табылады. Чаталхөйүкте үйлердің ішіне көмілген өлілер, фригтерден қалған қорған және күлтөбелер, эллиндік дәуірдегі жартас қабірлер, Селчук мемлекетінен қалған Мейдан зираты біздерге біз күткеннен көп мәлімет береді.  Біз де сондықтан бүгін сіздерге әлемнің ең үлкен Түрік-Ислам зираты болып саналатын Ахлат Селчук Мейдан зираты туралы айтып бергіміз келеді.

Битлиске қарасты бір аудан – Ахлат. Түркияның ең үлкен көлі Ван көлінің жағасында орналасқан. Тарихы біздің дәуірімізден бұрынғы 900 жыл бұрынға барады. Қоңыржай климаты, Азиядан Анадолыға созылған жолдардың бойында болуы және әркім алуға тырысқан бір жер Ахлат. Тарихи процес ішінде Византия, Анадолы Селчуктары, моңғолдар, арабтар мен Османлы мемлекеті билік құрған. Орта шақта Ислам өркениетінің ең үлкен үш қаласының бірі болған.

Ахлат – ең байырғы түрік елді мекендерінің бірі.  Күмбез, мазар, көпір және мешіттерінде Селчук және Османлы азаматтық архитектурасының ең тамаша үлгілерін көруге болады.  Бірақ Ахлат тарихи құлпытастарымен назар аударады. Өте кең алаңға жайылған осы қабір тастары үлкендік және дизайн жағынан Ислам әлемінде маңызды орынға ие. Әлемдегі ең үлкен Түрік-Ислам зираты болып табылады. Ахлаттағы осы құлпытастар «Урарту және Османлы ежелгі мекені Ахлат құлпытастары» деген атпен ЮНЕСКО Әлемдік мұрасының уақытша тізімінде тұр.

Ахлат вулкандық екі тау арасында қалған бір елді мекен болғандықтан өңір архитектурасында туф тастар жиі қолданылады. Құлпытастар да кірпіш қызылы және ақ түстердегі туф тастардан салынған.  Қабірлер мен құлпытастар орта шақтағы түрік мәдениетін көрсетететін маңызды құжаттар арасында орын алады. Себебі қоғамның дәстүрлері, өнер түйсігі мен күнделікті тұрмысына қатысты мәліметтерді қамтиды.  Айырықша өлім мен өлімнен кейінгі өмір жөніндегі ой мен пікірлер де көрінеді осы құлпытастардан.

Ахлат Селчук Мейдан зираты да ерте дәуірдегі түрік қабір архитектурасы туралы маңызды мәліметтер ұсынады. Сегіз мыңнан астам құлпытасымен ашық ауа мұражайы іспеттес. Осы мемориалды жәдігердердің көлемдері қалыпты қабірлерден едәуір үлкен. Бір жарым метрден асатындары да бар, үш жарым метрге жақындап қалатындары да. Ахлат құлпытастарының бір бетінде қайтыс болған кісі және оның қызметі туралы мәліметтер орын алады, екінші бетінде болса құлпытасты салған шебердің аты мен Құран аяттары орын алады. Құлпытастар теңдесі жоқ шеберлікпен салынған. Оларда түрлі өсімдік мотифтері, айдаһар, құс, жұлдыз, шам және геометриялық фигуралар кездеседі.

Анадолы  - адам баласының ұзын хикаясына куә болған бір аймақ. Осы хикаяларды кейде археологиялық жәдігерлерден, кейде ескерткіштерден оқимыз. Уақыттың тереңдігін солар арқылы түйсінеміз. Әрқайсысында тарих жатады. Фригтердің бас қаласы Гордион билеуші әулеттің және асылтектілердің қабірлерімен алға шығады. Немрут тауында өзі салғызған алпауыт құдай мүсіндері және қасындағы мемориалды қабірлерімен өлімсіздігін көрсетуге тырысады Коммагене патшасы. Патша Мавзолос ежелгі әлемнің жеті кереметінің бірі деп саналған Халикарнасос мавзолейін билігінің күші мен дәулетін көрсету үшін салғызады. Манисадағы Сардес ежелгі қаласы Мысырдағы Гиза платосынан да үлкен зират алаңына ие. Ликия және Кауностағы жартас қабірлері, Амасиядағы Понтус патшаларының қабірлері және тағы басқалары. Санап бітпейді. Біз бүгін Анадолыдағы түрік болмысының ең байырғы айғақтары, тарихи Түрік-Ислам зираты, Селчук Ахлат Мейдан зираты туралы айтып бердік.



Ұқсас жаңалықтар