Әлемдегі ең «тартымды» даңғылдарының бірінің Стамбулда екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 05

1887743
Әлемдегі ең «тартымды» даңғылдарының бірінің Стамбулда екенін білетін бе едіңіз?

Әлемдегі ең «тартымды» даңғылдарының бірінің Стамбулда екенін білетін бе едіңіз?

Өмір салты мен саяхат тақырыптарында шығатын әлемнің ең маңызды журналдарының бірі 2022 жылының ең тартымды даңғылдарын анықтау үшін 20 мыңнан астам халықаралық қала тұрғыны қатысқан сауалнама жүргізді. Әлемдегі ең тартымды 33 даңғылын анықталған сауалнамада Стамбулдың Бешикташ ауданындағы "Сүлейман Себа" даңғылы әлемнің ең тартымды 27-ші даңғылы болып таңдалды.

Тарихы, сәулеті және атмосферасымен мақтауға лайық даңғылдағы «Сыра Эвлер» (қатардағы үйлер) көшенің тәжі ретінде сипатталады. «Сыра Эвлер» сонымен қатар Түркиядағы алғаш жаппай тұрғын үй жобасы болып табылады.

Сұлтан Абдулазиз кезінде Долмабахче сарайының Акаретлер құрылысы 1875 жылы басталды. Бұл қатардағы үйлердің кейбірі сарайда жұмыс істейтін күзетшілер мен қызметкерлер тұрсын деп салынған, ал кейбіреулері болса жалға берілетін тұрғын үйлер ретінде жобаланған.

Мұстафа Кемал Ататүріктің анасы, әпкесі және асырап алған ұлы да біраз уақыт қатардағы үйлерде №76 ғимаратта тұрды. Ататүрік жиі баратын бұл үй лингвист Фердинанд де Соссюрмен кездесіп, кейінірек жүзеге асыратын «Түрік тарих қоғамы» мен «Түрік тілі қоғамының» іргетасын қалаған үйі болып табылады.

2010 жылы мұражай ретінде ашылған үш қабатты үйде Ататүріктің жеке заттары мен сол кездегі тарихи жәдігерлер қойылған. Сонымен қатар әртүрлі бейне көріністер, деректі фильмдер мен көркем фильмдер арқылы Балкан соғыстары, көші-қон және Ұлтазаттық күрес баяндалады.



Ұқсас жаңалықтар