Галата мұнарасы әлемдегі ең көне мұнаралардың бірі екенін білесіз бе?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 3

1883167
Галата мұнарасы әлемдегі ең көне мұнаралардың бірі екенін білесіз бе?

Стамбулдағы Галата мұнарасы - әлемдегі ең көне мұнаралардың бірі

Стамбулдағы Галата мұнарасы әлемдегі ең көне мұнаралардың бірі екенін білесіз бе?

ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра уақытша тізіміне енген және әлемдегі ең көне мұнаралардың бірі саналатын Галата мұнарасы - Стамбулдың символдарының бірі. Ол Стамбулдың Еуропа жағында, Бейоғлу ауданында, Босфорға қарайтын жерде орналасқан.

Галата мұнарасын алғаш рет 508 жылы Византия императоры Юстиниан салған. Талай соғыстың куәсі болған және зақымданған мұнараны генуалықтар 1349 жылы қалпына келтірді. 1500 жылдардағы жер сілкінісінен бұзылып, қайта жөнделген мұнараның жоғарғы қабатына III. Селим дәуірінде сыртқа қарай шығып тұратын терезе қосылды. 1831 жылы мұнара тағы да өртке ұшырап, қайта жөнделді. Падиша II. Махмұт мұнараның үстіне тағы екі қабат қостырып, мұнараның төбесін атақты конус тәрізді шатырмен жаптырды.  1967 жылы жөнделген мұнара соңғы рет 2020 жылы қайтадан қалпына келтірілді.

Ғасырлар бойы Стамбулдың сәнін келтірген Галата мұнарасы маяк ретінде салынғанымен, тарих бойы зындан, обсерватория, өрт мұнарасы сияқты әртүрлі мақсатта пайдаланылған. Барлығы 11 қабаттан тұратын мұнараның биіктігі жерден төбенің ұшына дейін 69 метр, еден көлемі 208 шаршы метр. Оның дизайны қарапайым болғанымен, өте керемет ғимарат.

«Стамбулда бару керек жерлер» дегенде бірінші ойға келетін орындардың бірі - Галата мұнарасы. Ол  бүгін мұражай ретінде қолданылуда, жергілікті және шетелдік туристер жиі баратын жерлердің басында келеді.



Ұқсас жаңалықтар