Фетхиедегі Өлітеңіздің әлемдегі ең әдемі жағажай ретінде таңдалғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 2

1877893
Фетхиедегі Өлітеңіздің әлемдегі ең әдемі жағажай ретінде таңдалғанын білетін бе едіңіз?

 

Өлітеңіз - Эгей аймағындағы Фетхиеге қарасты демалыс орны. Өлітеңіз - көгілдір түстің кез келген реңктерін көруге болатын теңізі, ақ құмды жағажайы және табиғатта жасырынған тарихи жәдігерлерімен тек Түркияның ғана емес, әлемнің ең әдемі демалыс орындарының бірі. 2006 жылы «әлемдегі ең әдемі жағажай» деп танылған Өлітеңіз «көк лагуна» деп те аталады.

Тарихы көне замандардан бастау алатын Өлітеңіз Ликияда «жарық пен күн елі», орта ғасырда «алыс жер» деп аталды. Өлітеңіз жағажайында Көгілдір жалау бар, ол «жүзу үшін мүлдем қауіпсіз және таза» дегенді білдіреді. Аты сияқты тыныш және тұнық көлге ұқсайтын Өлітеңіз ең дауылды күндерде де тыныштығын сақтайды. Теңіз өте тыныш болғанымен, ол өте таза. Бұлақ суларымен байланысы, ашық теңіз ағыны және толқындардың әсерімен үнемі жаңарып отыратын Өлітеңізде ешқашан ластану болмайды.

Өлітеңізде көруге және жасауға болатын көптеген іс-шара бар. Парапланшылардың танымал ұшу нүктесі болып табылатын Бабадаг етегінде орналасқан Өлітеңіз керемет пейзаждары және ауа-райы шарттарымен әлемдегі ең жақсы параплан аймақтарының бірі. Тамаша тың табиғаты, кемпинг орындары, треккинг маршруттары, дәмді тағамдары, парапландар және археологиялық мекендерін сіз жылдың кез келген уақытында аралауыңызға болады.



Ұқсас жаңалықтар