БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутеррештің Моңғолия сапары

Еуразия күн тәртібі – 51

1870110
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутеррештің Моңғолия сапары

  

Бүгінгі бағдарламамызда БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутеррештің Моңғолия сапарына тоқталамыз.

 2022 жылы 8 тамыз күні БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурелсухтың шақыруымен ресми сапармен Моңғолияға барды. 9 тамыз күні Моңғолия президенті Ұланбатырда БҰҰ бас хатшысын ресми рәсіммен күтіп алды. Ресми рәсімнен кейін президент Ухнаагийн Хурелсух пен БҰҰ бас хатшысы оңаша кездесу өткізді.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш сапар аясында Моңғолия Мәжілісінің төрағасы Занданшатар Гомбожав, Моңғолия премьер-министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ және Моңғолия Сыртқы істер министрі Батмунх Батцэцэгпен жеке кездесулер өткізді.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш баспасөз жиналысында Моңғолияның аймақтық бейбітшілікке қосқан үлесін атап айтты. Ескерте кетейік, Моңғолия 2021 жылы желтоқсан айында «Ядролық Қаруларды шектеу келісімін» мақұлдады. БҰҰ бас хатшысы сонымен бірге әлемде гендерлік теңдікті қамдау тақырыбында Моңғолияның үлгі болатынын білдірді.

Антониу Гутерреш сапар аясында қала сыртына ағаш екті. Моңғолия президенті бастаған «миллион көшет отырғызу» компаниясына БҰҰ бас хатшысының қолдау беруі Ұланбатыр әкімшілігі үшін өте маңызды. Өйткені құрғақшылық және шөлейттену Моңғолия үшін ауыр мәселе болып табылады. Елдің 8 пайызы ғана орман алаңы және Моңғолияның оңтүстігі толық шөлге айналған.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш Ұланбатырдағы БҰҰ офисіне сапарлай барды. Ұланбатырдағы БҰҰ-ның Тұрақты офисі аясында «Теңізге жағалауы жоқ даму жолындағы елдерді зерттеу орталығы» бар. Моңғолия тарапынан ұсыныс етілген «Солтүстік-шығыс Азия қауіпсіздігі үшін Ұланбатыр диалогы» жалғасуда. Аталмыш «Ұланбатыр диалогы» аясында 2013 жылдан бері 7 мәрте халықаралық конференция ұйымдастырылды. Сонымен бірге Моңғолия БҰҰ бейбітшілік күші аясында белсенді жұмыс атқаруда.

 

2022 жылы 5 маусымда Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, 8 тамызда Қытай Сыртқы істер министрі Ван И арт-артынан Моңғолияға сапарлай барды. Ресей мен Қытай арасында орналасқан Моңғолия сыртқы саясатта осы екі елдің ортасында қалмау үшін талпынуда. Сондықтан Моңғолияның «Үшінші көрші» тұғыры және  БҰҰ платформасы өте маңызды.

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурелсух БҰҰ бас хатшысымен кездесуде елдің солтүстігінде салынатын гидроэлектр станциясы үшін саяси қолдау сұрады. Қытайдың несиесімен салынатын гидроэлектр станциясы жобасы Ресейдің ЮНЕСКО-ға арыздануы себепті тоқтап қалған болатын. Аталмыш гидроэлектр станциясы жобасы Моңғолияның энергия қауіпсіздігін қамдауы тұрғысынан өте маңызды. Өйткені энергия саласында Моңғолия Ресейге тәуелді.

Әлем саясатында бөліну артып отырған бір кезеңде Моңғолияның сыртқы саясатта тепе-теңдік саясатын атқаруы маңызды болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда БҰҰ бас хатшысының 13 жылдан кейін Моңғолияға сапарлай баруы Моңғолия үшін маңызды бір оқиға болмақ.



Ұқсас жаңалықтар