Аяқ иісіне арналған табиғи шешім ұсыныстары

«Денсаулық зор байлық» - 50

1871472
Аяқ иісіне арналған табиғи шешім ұсыныстары

Бүгін аяқ иісіне арналған табиғи шешім ұсыныстары туралы сөз қозғаймыз. 

1. Лимон шырыны 

Аяқ күтіміне арналған шелекке бір стақан лимон шырынын құйып, аяғыңызды жылы суға салып қойыңыз. Аяқтарыңызды осы суға 20 минут салып қойыңыз. 

2. Лимон қабығы әдісі 

Таза аяқты лимон қабығымен үнемі ысқылау аяқтың иісі мәселесін шешуге көмектеседі. 

3.  Эпсом Тұзы 

Шелекке 1 шай қасық эпсом тұзын құйып, ыстық су қосыңыз. Аяқтарыңызды осы суға шамамен 30 минут малып отырыңыз. Содан кейін сүлгімен сүртіңіз. 

4. Балалар ұнтағы 

Ұнтақ - аяқ иісіне өте жақсы әсер ететін табиғи әдістердің бірі. Аяқтың терлеуіне жол бермейтін ұнтақ аяқтың қызаруын да болдырмайды. Аяқтың денсаулығына өте жақсы әсер етеді. Сондай-ақ аяқтың ылғалдануы және иістің алдын алады. 

5. Үштік май қоспасы

• Лаванда эфир майы, 

• Шай ағашының эфир майы, 

• Шелекке 10 тамшы эвкалипт эфир майын тамызыңыз. Шелекке жылы су қосып, араластырыңыз. Аяғыңызды бұл суда 20 минут қалдырыңыз. 

6. Қою немесе көк шай 

Бір шелекке 2 стакан демдеген шайды құйып, біраз жылы су қосыңыз. Аяқтарыңызды осы суға 20 минут салып қойыңыз.

7. Сұлы жармасы 

Суға малынған таза сұлы жармасымен аяғыңызды ысқылаңыз. Шайған соң қолайлы бір ылғалдағышты қолданыңыз.

8. Сірке суы 

Сірке суы қоспасы үшін 2 шай стакан алма сірке суын 1 литр суға араластырып, аяғыңызды осы суға салыңыз. 

9. Ас содасы 

Ас содасының әсері үшін шелекке 1 литр су құйып, суға 1 пакет ас содасын қосып, араластырыңыз. 

10. Жаңғақ жапырағы 

2 ас қасық кептірілген жаңғақ жапырағын 2 литр суға қайнатып, сәл суығанша күтіңіз. Аяғыңызды жарты сағат бойы ыстық суға салып қойыңыз. Бұл емді таза дайындау керек.

Әсерін бірден көру үшін оны 7 күн бойы жүйелі түрде қолдануға болады. Сосын 2 күнде бір рет жасап көру керек. Сосын 1 ай бойынша аптасына үш күнге дейін қысқартыңыз. 

11. Шалфей мен жалбыз 

2 литр суға 1 ас қасық шалфейді қайнатыңыз және оған бір қасық жалбыз қосыңыз. Бұл суда аяқтарыңыз шамамен 15 минут тұрған жағдайда, иіс жоғалады. Әсерін әр кеш сайын немесе аптасына 4 рет қолдану арқылы көруге болады. 

12. Үнді хынасы 

Ежелгі заманнан бері сақталған хына мәдениеті аяқтың денсаулығына өте тиімді. 

13. Тұз 

Бір шелекке аяғыңызды жабатындай ыстық су және тұз құйып, араластырған соң аяқтарыңызды осы суға салып күтіңіз кейін шайыңыз. Мұны аптасына бір рет жасай аласыз. 

14. Эфир майы қоспасы 

8 тамшы емдік жалбыз эфир майы, 8 тамшы тимьян эфир майы және 1 ас қасық тас тұзын құйып, 1 шелек жылы суға аяғыңызды 30 минут суда қалдырыңыз. 

15. Крем рецепті 

• 12 тамшы эвкалипт эфир майы, 

• 1 шай қасық бидай ұрығы майы, 

• 1 шай қасық зәйтүн майы, 

• 1 ас қасық бадам майы. 

Ингредиенттердің барлығын көрсетілген өлшемдерде қою түсті шыны бөтелкеге ​​толтырып, оны шайқаңыз. Аптасына 3 күн жатар алдында дайындаған креміңізді аяғыңызға жағыңыз. 

16. Минералды сода 

Аяқ киіміңізге минералды сода сеуіп, бір күнге қалдырсаңыз, әрі бірдей аяқ қиімді кимейсіз, әрі соданың әсері иісті жояды.

Дайындаған: дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар