Есту қабілетінің жоғалуына табиғи-шөптік шешімге арналған ұсыныстар

«Денсаулық зор байлық» - 44

1850226
Есту қабілетінің жоғалуына табиғи-шөптік шешімге арналған ұсыныстар

«Денсаулық зор байлық» - 44

Есту қабілетінің жоғалуына пайдалы тағамдар 

  • Артишок 
  • Картоп 
  • Жасымық 
  • Кешью 
  • Авокадо 
  • Қара шоколад 
  • Балық 
  • Зығыр тұқымы 
  • Жаңғақ 
  • Саңырауқұлақ 
  • Жұмыртқа 
  • Сүт  

Артишок: Өмір бойы есту қабілетін сақтау үшін фолий қышқылына бай тағамдарды тұтыну керек. Бұл тағамдардың бірі - артишок. 

Картоп: Өлшемді тұтынғанда есту қабілетін күшейтетін картоп құлақтың зақымдануынан сақтайды. 

Жасымық: Құрамында В дәрумені мен темірі бар жасымық құлақ денсаулығын қорғауда өте тиімді.  

Авокадо: Жақсы есту үшін магний мен фолий қышқылын қабылдау керек. Бұл минералдарды авокадо жеу арқылы алуға болады. 

Балық: Омега тұрғысынан жеткілікті тамақтану есту проблемаларына кедергі жасамайды. Әсіресе балық тұтыну бұл тақырыпта үлкен қолдаушыларыңыздың бірі. 

Зығыр тұқымы: В дәрумендерінің есту денсаулығына әсері орасан зор. Әсіресе зығыр тұқымы сияқты бір тамақ ішкен кезде құлақтағы шу, ауырсыну және есту қабілетінің жоғалуының айтарлықтай алдын алады. 

Жаңғақ: Құлақтың денсаулығы үшін міндетті түрде жаңғақ жеу керек. Бұл қоректік заттың арқасында есту қабілетінің жоғалуы айтарлықтай азаяды. Жаңғақ - омега және В дәруменіне бай бір тағам. Тұрақты тұтыну нәтижесінде жасқа байланысты есту қабілетінің жоғалуының алдын алу мүмкін.

Саңырауқұлақ: Саңырауқұлақ – құрамында D дәрумені бар пайдалы тағамдардың бірі. Құлақтың іші нәзік ұсақ сүйектерге толы. Осы сүйектердің денсаулығын да D дәрумені қорғайды. 

Жұмыртқа: Протеин көзі жұмыртқаның арқасында құлақтағы тіндер зақымданудан аулақ болады. 

Сүт: Бала кезінен тұтынылатын сүт әр жаста одан жақсырақ естуге көмектесетін бір тағам ретінде асханаларда өз орнын алады. 

Гинкго билоба сығындысы: Гинкго билоба сығындысы мидағы қан айналымының нашарлығы, бас айналу, есте сақтау қабілетін жоғалту, есту қабілетін жоғалту, шуылдау және айналуы сияқты жағдайларда кеңінен қолданылады. 

Мидағы қан айналымын жақсартады және тамырлардың жарылуының алдын алады.  

Гинкго билоба сонымен қатар шу тудырған есту қабілетінің жоғалуы мен шуылға байланысты жағдайларда өте тиімді.  

Бұл шөптен күніне 60-240 мг қабылдау ұсынылады. Дегенмен дозаны дәрігер тексеруі керек.  

Майоран өсімдігі: Майоран өсімдігі тағамдарға дәмдеуіш ретінде пайдаланылады, бірақ ол қан қысымын және қан тамырларының бітелуін төмендетудегі тиімді ерекшеліктерімен де танымал. 

Егер есту қабілетінің төмендеуі құлақтағы қан айналымының нашарлығынан туындаса, майоран өсімдігі көмектесуі мүмкін. 

Бір стакан қайнаған суға 1 шай қасық кептірілген майоран қосыңыз. Оны 5 минут қайнатыңыз және сүзіңіз. Оны күніне 2 стаканға дейін ішуге болады. 10 күннен артық қолдануға болмайды. 

Алма сірке суы: Алма сірке суы – магний, калий, мырыш және марганецке бай. Бұл минералдардың кез-келген біреуі жетіспеген жағдайда есту қабілетінің жоғалуы мүмкін. 

Магний терапиясы уақытша немесе тұрақты шуға байланысты есту қабілетінің жоғалу жиілігін азайтады. Осы себепті алма сірке суы да есту қабілетінің жоғалуына өте тиімді ем болып табылады. Сонымен қатар алма сірке суының құрамында еркін радикалдардың теріс әсерін азайтатын мықты антиоксиданттар бар. 1 шай қасық органикалық алма сірке суын бір стақан суға қосыңыз. Күніне 2 рет тұтынылады. Қажет болса, оған 1 шай қасық бал қосып ішеді. Гастритке себеп болса одан аз күніне бір рет қолдану керек. 

Пияз: Пияз құрамындағы антиоксиданттармен кохлеарлық зақымдану және есту қабілетін жоғалту үшін қолданылатын шешімдердің бірі болып табылады. Тұрақты және уақытша есту қабілетінің жоғалуында қолданылады. Бұл құлақтағы жасушалардың жоғалуын болдырмайтын мықты антиоксиданттармен проблеманы азайтады. Пияз құлақ мәселелеріне себеп болған травма мен жарғақтарының жыртылуы немесе құлақ ақауларын тудыратын ауа қысымы өзгерулеріне де тиімді. 300 г пияз бір литр суға 12 сағат бойы қалдырылады. Бұл суды күніне 3 стакан ішіңіз. 

 

Дайындаған: Дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар