Көздің саулығына арналған табиғи ұсыныстар

«Денсаулық зор байлық» - 43

1843922
Көздің саулығына арналған табиғи ұсыныстар

«Денсаулық зор байлық» - 43

Бұл бағдарламамызда көздің саулығына арналған табиғи ұсыныстар жасаймыз. 

Қарапайым сақтық шараларын қолдану арқылы көздерімізде болуы ықтимал күрделі мәселелердің алдын алуға болады.

Кейбір тағамдарды үнемі тұтынған жөн

Бұл тағамдарды үнемі жеу көздің денсаулығы үшін маңызды.

Көз денсаулығыңыз үшін аругула, борд, шпинат, апельсин, тұтас дәнді ұн, цитрус жемістері және дәнді дақылдар сияқты қою жасыл жапырақты өсімдіктерді үнемі тұтыныңыз.

Мырышқа бай атбас бұршақ, қызыл ет және құс еті көзді жарықтың зақымынан қорғайды. 

Құрамында А дәрумені бар сәбіз, шпинат, тәтті картоп, салат, пияз және ақжелкен сияқты өсімдік тағамдар және тунец, лосось, ешкі сүті, сиыр сүті, жұмыртқа және бауыр сияқты жануарлардан алынатын тағамдар көру өткірлігін сақтайды.

Сары дақ ауруына қарсы сәбіз, шалғам, жұмыртқаның сарысы және брокколи сияқты тағамдар да үстеліңізде үнемі болуы тиіс тағамдар болып табылады.

Жақсырақ көру үшін:

  • Бета-каротиннің көздері: Сәбіз және сәбіз шырыны, тәтті картоп, асқабақ, апельсин және апельсин шырыны, қауын, манго, өрік, қырыққабат, шпинат, қызыл болгар бұрышы, Брюссель орам жапырағы және балық майы.
  • С дәруменінің көздері: Цитрус жемістері және шырындары, шие, таңқурай, құлпынай, көкжидек, киви, брокколи, жасыл және қызыл бұрыш, гүлді қырыққабат және қырыққабат.
  • Е дәруменінің көздері: Бидай дәні, бадам және бадам майы, жержаңғақ және жержаңғақ майы, күнбағыс тұқымы, зығыр тұқымы, авокадо және жұмыртқа.
  • Лютеин және зеаксантин көздері: Қырыққабат, шпинат, борд, кәдімгі су кресі және шалғам ең жақсы тағамдар арасында алғаш орынды алады. Басқа жақсы көздер болса, жасыл бұршақ, жүгері, салат, брокколи, асқабақ, сәбіз, Брюссель орам жапырағы.
  • Мырыш және селен көздері: Мырыш көзді күшейтеді. Жержаңғақ, асқабақ тұқымы, ноқат, ашытылған тағамдар және теңіз өнімдері мырыш бойынша ең жақсы тағамдардың қатарына жатады.

 

1. Макияж материалдарының мерзіміне назар аударыңыз 

Бактериялар сұйық немесе кремді материалдарда оңай көбейе алады. Сондықтан көз денсаулығыңыз үшін 3 ай бойы қолданып жүрген сұйық макияж жасау материалдарын қолданбаңыз.

Егер көз инфекциясы болса, барлық материалдарды тастаңыз. Сондай-ақ, кірпік жиегінің ішкі бөлігіне көз контуры қолданбаңыз. Өйткені кірпік сызығының ішкі бөлігінде жас бөлетін арналар бар. Бұл бөгеттерді және инфекцияларды тудыруы мүмкін. 

Күн сайын кешке макияжыңызды көзге арналған тазартқыштармен тазалаңыз. Сондай-ақ, макияж материалдарыңызды басқалармен бөліспеңіз.

2. Компьютерде 20 минут сайын 20 секундтық үзіліс жасаңыз 

Компьютер экранына қарау көзді бұзбайды, керісінше шаршатады, құрғатады. Өйткені экранға қарап отырып, көзімізді (минутына 10-12 рет) әдеттегінің жартысындай жыпылықтатамыз. Көздің саулығы үшін әр 20 минут сайын 20 секунд алысқа қараңыз. Сондай-ақ экраныңыз 50 см қашықтықта және экранның жоғарғы жиегін көз деңгейінен төмен ұстаңыз. Шағылысқан жарық көздерінің алдын алуды ұмытпаңыз. 

3. Контактілі линзаларыңызды жақсы сақтаңыз 

Егер сіз линза қолданатын болсаңыз, тазалыққа сақ болыңыз. Керісінше көзге инфекция жұқтыру қаупі артады. Линзаларды көзге салу және алу алдында қолыңызды сабынды сумен жақсылап жуыңыз. Күн сайын линза қорапшасындағы ерітіндіні өзгертіңіз. Әр 2-3 ай сайын қапшығын жаңартыңыз. Линзаны ұсынылған уақыттан ұзағырақ пайдаланбаңыз. Линзаларыңызды көзден алмай ұйықтамаңыз, бассейнге бармаңыз және душ қабылдамаңыз. 

4. Жазда және қыста күннен қорғайтын көзілдірік қолданыңыз 

Ультракүлгін сәулелер теріңізді де, көзді де зақымдайды. Ол катаракта, қасаң қабықтың күйіктерін және тіпті қабақтың ісігі мен сары дақ ауруын тудыруы мүмкін. Көшеге шыққанда ауа райы бұлтты болса да, жаз немесе қыс мезгіліне қарамастан күннен қорғайтын көзілдірікті пайдаланыңыз. 

5. Сақтандыру көзілдірігін ұмытпаңыз

Көз жарақаттарының жартысына жуығы жұмыс емес, үйдегі жазатайым оқиғалардан болады. Осы себепті үйде жөндеу жұмыстарын жүргізгенде, тазалық материалдарын қолданғанда, әсіресе доппен ойналатын спортпен айналысқанда әрқашан қорғайтын көзілдірік қолданыңыз.

6. Темекі шекпеңіз 

Темекі шегу жаспен байланысты сары дақтың бұзылуы үшін ең маңызды қауіп факторы болып табылады. Сондай-ақ катарактаның пайда болуын тездетеді және көздеріңізді құрғатады. Артериосклерозды тудыратындықтан көз тамырларындағы окклюзияға себеп болады. Соның нәтижесінде де көру қабілетінің жоғалу процесі артады. Темекі шегуді тастаған кезде көз ауруына шалдығу қаупі шылым шегетіндермен салыстырғанда төмендейді.



Ұқсас жаңалықтар