В12 дәруменінің табиғи көздері

​​​​​​​«Денсаулық зор байлық» - 40

1835704
В12 дәруменінің табиғи көздері

«Денсаулық зор байлық» - 40

Бұл бағдарламамызда В12 дәруменінің табиғи көздерін тілге тиек етеміз.

В12 дәрумені ішектегі бактериялар тарапынан өндіріледі. Бұл дәруменді ішектің соруы үшін мықты ішек жүйесі және сау ішекке қолайлы бактериялардың саны жеткілікті мөлшерде болуы керек.

В12 дәрумені тапшылығында не болады?

В12 дәрумені тапшылығы кезінде жүрістің бұзылуы, әлсіздік, тыныс алу жеткіліксіздігі, созылмалы шаршау, депрессия, мазасыздық, ас қорыту бұзылыстары, бас айналу, ұйқышылдық, бауырдың ұлғаюы, көздің бұзылуы, галлюцинация, бас ауруы, тіл инфекциясы, есте сақтау қабілетінің жоғалуы, жүйке бұзылуы, жүрек соғуы, анемия, құлақтың шуы, жұлынның зақымдануы, іш қату, салмақ жоғалуы сияқты мазасыздықтар байқалуы мүмкін.

Табиғи В12 дәруменінің көздері қандай?

Ең көп жануарлардан алынатын тағамда кездеседі. В 12 дәруменінің жоғары сапалы көздері:

  1. Сүт және сүт өнімдері: Сүт, йогурт, айран немесе ірімшік сияқты сүт өнімдері ақуыздың, дәрумендер және минералдардың жоғары деңгейін қамтиды. 240 мл. майлылығы жоғары сүт күнделікті В12 қажеттілігіміздің 18% қанағаттандырады.

Майлылығы жоғары йогурт В12 маңызды көзі болып табылады. Зерттеулерге қарағанда сүт пен сүт өнімдерінен алынған  В12 дәруменін соруы бифштекс, балық немесе жұмыртқа алынғандарға қарағанда оңай сіңеді.

  1. Көкөністер: Жасымық, қызылша, брокколи, шпинат, бұршақ, ақжелкен. Соя, бадам және күріш сүттері негізінде жоғары мөлшерде В12 дәруменін қамтымаса да, қосымша тағамдарға айналдырылып, дәрумендердің құрамы да арттырылады.
  2. Саңырауқұлақтар: Жануарлардан алынатын тағамда ерекше көп кездесетін В12 дәрумені өсімдік ретінде тек саңырауқұлақта кездеседі. В12 дәрумені жетіспеушілігін күніне бір табақ саңырауқұлақпен жоюға болады.
  3. Жұмыртқалар: Тауық, қаз және үйрек жұмыртқалары. Екі үлкен жұмыртқа В12-ге күнделікті қажеттілігіміздің 22% және В2-ге деген қажеттілігіміздің 28% қанағаттандырады.
  4. Бауыр және бүйрек: Cиыр, қозы, қойдың, бірақ әсіресе де қозының бауыры В12 витаминіне бай. Сүт өнімдері ең құнарлы тағамдардың бірі болып саналады. Қозы бауыры мен бүйрегі әсіресе В12-ге бай.

Жанама өнімдерде (малдың ішкі ағзалары, бас, аяқ-қолдар және т.б.) бифштекс  пен бұзау етіне қарағанда B12 дәрумені әлдеқайда жоғары.

  1. Балық: В12 витамині бар тағамдардың ішінде сардина, скумбрия, лосось, тунец, форель және көк балық маңызды орын алады. Бұл тағамдар омега 3 қабылдау үшін де ұсынылады.

Тунец балығының әсіресе терісінің астындағы бұлшықеттерде өте жоғары В12 дәрумені бар. 100 грамм таза тунец балығы күнделікті В12 дәруменіне деген қажеттілікті 160% қанағаттандырады. Консервіленген тунец құрамында болса айтарлықтай мөлшерде В12 дәрумені бар.

1. Қызыл ет: Әсіресе сиыр мен қозы етінде жоғары деңгейде В12 дәрумені болады. Шамамен 186 грамм майсыз бифштекс күнделікті B12 қажеттілігін екі есе дерлік қамтамасыз етеді.

2. Жаңғақтар: Шикі жаңғақ, орман жаңғағы және бадам.

3. Ақ қырыққабаттың емі: В12 дәрумені тек жануарлардан алынатын тағамдарда кездеседі, бірақ ақ қырыққабат ферментация (ашыту) нәтижесінде В12 дәруменіне бай және қышқыл дәмді ашыған-қырыққабатқа айналады.

Қырыққабат емін қалай дайындау керек?

Бір дана орташа өлшемді ақ қырыққабаттың сырттағы жапырақтарын алып тастаған соң майдалап турайды. Кейін үлкен ыдысқа алып, тұз бен зире қосып, жақсылап араластырыңыз. Банканың аузы таза шүберекпен және резеңкемен жабылады. Күн түспейтін жерде 4 пен 10 күн арасында сақталады, кейінірек тұтынуға болады.

Ескерту: Қалқанша безі ауруы бар адамдар дәрі-дәрмек қолданса да, қырыққабат емін пайдаланбауға тиісті.

Дәрігер Мехмет Учар

 

 



Ұқсас жаңалықтар