Түрік кофесі дәстүрінің ғасырлар бойы өзгермегенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 36

1823702
Түрік кофесі дәстүрінің ғасырлар бойы өзгермегенін білетін бе едіңіз?
kahve.jpg

Түрік кофесі дәстүрінің ғасырлар бойы өзгермегенін білетін бе едіңіз?

Шамамен 500 жыл бұрын Османлы жеріне кіріп, жылдам тараған кофе тарихымен, атын берген ғимараттарымен, ішу және ұсыну әдісінде қолданатын құралдары және қоғамдық қарым-қатынастардағы рөлімен түрік мәдениетінде маңызды орынға ие.

16-ғасырдың басында Кануни Сұлтан Сүлейман патшаның тұсында Мысыр мен Хиджаз жеңісінің артынан кофе Йемен арқылы Стамбулға келеді. Аз уақыттың ішінде оны сарай ғана емес, халық сүйіп, атын осы сусыннан алған кофеханалар бүкіл мемлекетке тарады.

Кітаптар мен өлеңдер оқылатын, әдеби әңгімелер жүргізілетін, шахмат пен нард ойналатын бұл орындар қысқа уақытта Османлы дәуірі қоғамдық өмірінің маңызды орындарына айналады.

Тағы осы кезеңде Түркияға келген венециялық саулагер кофемен танысады және кофе Осман мемлекетінен Еуропаға, кейін әлемге тарайды. Дегенмен түрік кофесі әлемдегі барлық кофелерден дайындау және ұсыну тұрғысынан ерекшеленеді. Түркияда негізінен кофеинімен бұршақ күйінен қуырылып ұнтақталған немесе езілген кофе қолданылады. «Телве» деп аталатын кофенің ұнтағымен бірге пісіріледі. Ол көп қант, орташа қант, аз қантпен немесе кантсыз да дайындалады. Кофе қайнатудың әлемдегі ең көне әдісімен өзгеріссіз сақталған. Түрік кофесі дәстүрлі түрде су және локуммен бірге ұсынылады. Кофенің түбінде қалатын және ішілмейтін кофе ұнтағының қалдықтары да түрік кофесіне ғана тән сәуегейлік дәстүрдің пайда болуына әкелді. «Телведегі» пішіндер мен кеседе қалған іздерді пайымдау арқылы кофе ішетін адамның болашағы туралы болжамдар жасалады.

Кофе ұсыну түрік дәстүрінің ажырамас бөлігі болып табылады. Түрік кофесі - үйлену алдындағы рәсімдердің айнымас бөлігі, қонақтарға ұсынылатын дәм және әңгімелердің серігі бір сусын.

Бай мәдени негізге сүйенетін түрік кофесі 2013 жылы ЮНЕСКО-ның «Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне» енген болатын.



Ұқсас жаңалықтар