«ИННОПРОМ. Орталық Азия» Халықаралық жәрмеңкесі өтті

Еуразия күн тәртібі – 36

1823265
«ИННОПРОМ. Орталық Азия» Халықаралық жәрмеңкесі өтті

 Бүгінгі бағдарламамызда «ИННОПРОМ. Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіп жәрмеңкесіне тоқталамыз.

2022 жылы 25-27 сәуір күндері арасында Ташкентте Өзбекстан Инвестиция және Сыртқы сауда министрлігі тарапынан «ИННОПРОМ. Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіп жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер, Германия, Қытай, Франция, Италия, Голландия, Түркия және Венгрия елдерінен 1300-ден астам өкіл мен 200 компания қатысты. Өзбекстан, Әзербайжан, Беларусь, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей мен Тәжікстаннан министр және министр орынбасарлары, Еуразия Экономикалық Одағы лауазымдылары да жәрмеңкеге қатысты.

Ресей Федерациясының 9 бөлек аймағының топтық станды ашылды. Металоргия, автомобиль және қосымша бөлшектерді өндіру, энергия, дәрі-дәрмекті қамтыған түрліше салалардағы өнім мен қызметтер таныстырылған жәрмеңкеде 20-дан астам арнайы отырыс, панель, дөңгелек үстел жиналыстары өткізілді. Екі жақтылы кездесулер болды. 27 сәуірде «ИННОПРОМ университет» тақырыпты студенттер мен жас мамандарға арналған семинар берілді. Жәрмеңкеде ондаған ынтамақтастық келісімі жасалды.

2022 жылы 25 сәуірде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев еліне іссапармен келген Беларусь премьер-министрі Роман Головченконы қабылдады. Кездесуде екі елдің экономикалық байланыстары қолға алынды. Беларусь премьер-министрі Роман Головченко артынан Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповпен кездесті. Головченко журналистерге сапары аясында Беларусь пен Өзбекстан арасында 25 миллион долларлық түрлі келісімге қол қойылғанын айтты.

«ИННОПРОМ. Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіп жәрмеңкесінің алғашқысы өткен жылы сәуірде өтіп, жәрмеңкеге ондаған ел қатысып, сапарлай келгендер саны 10 мыңнан асқан, жалпы 3.2 миллиард долларлық келісімге қол қойылған болатын.

Әлемдік банк Еуропа және Орталық Азия аймағына бағытталып дайындалған Экономикалық рапортының соңғы санын сәуір айында жариялады. Рапортта Ресей мен Украина соғысы соңғы екі жылдағы «Екінші ірі кездейсоқ» деп бағаланып, мұның Еуропа және Орталық Азия аймағында экономикалық құлдырауға итермелеуі күтілгені білдірілді. Экономикалық дағдарыспен күрес тұрғысынан «ИННОПРОМ. Орталық Азия» жәрмеңкесі сияқты іс-шараларды ұйымдастыру өте маңызды.

Батыс санкцияларына ұшыраған Ресей мен Беларусь үшін халықаралық өнеркәсіп жәрмеңкесі сияқты іс-шаралар аймақ елдерімен байланыстарын бекемдеу, санкцияның әсерін азайту мүмкіндіктерін жаратуы тұрғысынан маңызды болмақ. Сол себепті Ташкенттегі жәрмеңкеге Ресей компаниялары қатты қызықты. Ресейдің 9 аймағынан келген делегациялар жәрмеңке төңірегінде Өзбекстанның облыстарына да сапар шекті. Ресей мен Өзбекстан жергілікті әкімшіліктері мен жергілікті компаниялары арасында келісімдер жасалды.

Қорыта айтқанда, Өзбекстан соңғы жылдарда аймақтық және халықаралық шараларды жиі ұйымдастырып келеді. «ИННОПРОМ. Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіп жәрмеңкесі Өзбекстан үшін ғана емес, бүкіл аймақ елдері тұрғысынан да өте пайдалы бір іс-шара болды.



Ұқсас жаңалықтар