Әлемнің алғаш әйел Жоғарғы сот мүшесінің түрік екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 29

1798771
Әлемнің алғаш әйел Жоғарғы сот мүшесінің түрік екенін білетін бе едіңіз?

Әлемнің алғаш әйел Жоғарғы сот мүшесінің бір түрік әйелі екенін білетін бе едіңіз?

1906 жылы Стамбулда дүниеге келген Мелахат Сенгер Руажан Түркияның ғана емес, әлемдегі Жоғарғы соттардың мүшесі тұңғыш әйел. Стамбулда білім алған Мелахат Руажан Түркия Республикасы құрылғаннан кейін бас қала Анкарада ашылған заң факультетіне оқуға түсу үшін отбасымен Анкараға көшті.

1925-1929 жылдары аралығында осында оқып, Анкара университетінің заң факультетінің алғашқы қыз студенті болып бітірді.Мансапқа судья болып бастағаннан кейін 1945 жылы Жоғарғы Сотқа кірген Руажан осылайша алғашқы әйел Жоғары сот мүшесі болды. Бұл жаңалық Еуропа мен АҚШ баспасөзінде үлкен жаңғырық тудырды. Руажан судья ретінде көптеген маңызды қылмыстық істі басқарады, түбегейлі шешімдер қабылдады.

Өмір бойы заң принциптерін қорғап, әділетсіздікке қарсы күресіп, Мелахат Руажан 1974 жылы Анкарада жүрек талмасынан қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар