Түркиядағы алғаш ұшақ зауытының 1926 жылы құрылғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 5

1714000
Түркиядағы алғаш ұшақ зауытының 1926 жылы құрылғанын білетін бе едіңіз?
Самолетна фабрика.jpg

Түркиядағы алғаш ұшақ зауытының 1926 жылы құрылғанын білетін бе едіңіз?

Республиканың жариялануымен бірге Түркия барлық салада үлкен бір даму процесіне кірді. Авиация саласы да бұлардың бірі болатын. Мұстафа Кемал Ататүрік Түркияда авиацияның дамуына үлкен мән берді.

1925 жылы 7 қыркүйек күні Министрлер Кеңесінің шешімімен 3,5 миллион лиралық капиталы бар бір компания құрылды.

Акциялардың 51%-ы Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі, 49%-ы Германияның Junkers ұшақ зауытына тиесілі болды.

Кайсери ұшақ зауытына қажетті материалдар Германиядан әкелінген. 1926 жылы 6 қазан күні мемлекеттік салтанатпен ашылған зауыт 6 ангарда 50 түрік, 120 неміс жұмысшымен өндірісті бастады. Зауыт құрылған кезде әлемнің ең ірі авиациялық зауыттарының бірі еді.

Құрылғаннан екі жыл өткен соң неміс компаниясы өз акциясын Түрік авиация мекемесіне аударды және зауыт біраз уақытқа өндірісті тоқтатты.

1930 жылы қайта ашылған Кайсери ұшақ зауытында 1942 жылға дейін 7 түрлі модельдегі барлығы 212 ұшақ өндірілді. 1940 жылдары АҚШ-тың Түркияға жасаған Маршалл жәрдемінің ықпалымен авиациялық зауытта алдымен өндіріс тоқтады, кейін зауыт Авиациялық жеткізу және қызмет көрсету орталығына айналды.



Ұқсас жаңалықтар