Анадолыда алғашқы христиандар және Әзіз Павел

Анадолының тұңғыштары - 4

1713345
Анадолыда алғашқы христиандар және Әзіз Павел

Өркениеттер осы территорияда туады, мәдениеттер қалыптасады. Мифология мен дастандар шын өмірмен астасып жатады. Көп құдайлы діндерге де, жалғыз құдайлы діндерге де мекен болған территория. Кейбірі табиғи құбылыстарға сенеді, кейбірі суды қасиетті деп есептейді. Мифологиялық құдайларға сенетіндер де болған, көк тәңірге де. Иудейлер, христиандар және мұсылмандар бірге өмір сүреді осы жерде. Әлем діндер тарихына бағыт берген оқиғаларға куә Анадолы жері. Себебі христиандықтың таралуында маңызды рол ойнайды. Иерусалимдегі зұлымдықтан және Римнің қысымынан қашқандардың алдында Анадолы болған.  Жаңа дін және өкілдері үшін жою бұйрығы берілген соң алғашқы христиандар адамдарға кішіпейілділікпен құшақ жайған Анадолыға келуге шешім береді. Оқу үшін Иерусалимге барып, христиандықты қабылдаған Тарсустық Әзіз Павел Анадолыға келген алғашқы лидерлердің бірі. Ол сапарларында жаңа діннің Иерусалимнен Анадолыға және осы жерден де Еуропаға дейін тарауында үлкен рол ойнайды.

**

Христиандардың символға айналған тұлғаларының бірі – Әзіз Павел. Інжілде аты Тарсустық Поул деп кездеседі.  Сондықтан Анадолының оңтүстігіндегі Тарсус христиандық үшін өте маңызды бір қала. Әзіз Павел шіркеуі, Әзіз Павел құдығы және тарихи ортасы сондықтан ЮНЕСКО Әлем мұрасының уақытша тізімінде тұр.

Әзіз Павел шіркеуі мен Әзіз Павел құдығы христиандықтың маңызды қажылық орталықтарының бірі ретінде қабылданады.  Шіркеу Әзіз Павелге арналып кейінгі ғасырларда салынған.  Құдық болса Әзіз Павелдің үйінің ауласы тұрған жерде. Бұрын Иерусалимге қажылық үшін баратындар осы жерге келіп,  қасиетті және шипалы деп есептелетін құдықтың суынан ішеді екен. Суы еш уақытта азаймаған құдық бұрын болғандай бүгінгі күні де христиан қажылар үшін маңызды жер. Ауланың дәл қасында базальт таспен қапталған ежелгі жол бар. Бұл жол Әзіз Павел кезіндегі күйінде сақталған.

**

Әзіз Павел Әзірет Исаның он екі орынбасарының бірі емес,  бірақ христиандыққа қосқан үлесіне байланысты кейбір құжаттарда осылай аталады. Анадолыны ең оңтүстігінен бастап ең батысына дейін аралайды,  жаңа дінді таратуға тырысады. Бүгінгі дамыған жол желісі қолданылса да бірнеше аптаға созылатын қиын жол бұл.  Ол қиыншылықтарға тап болса да, қарыстап жүріп жаңа дінді насихаттаудан тайынбайды. Бүгінгі күні осы жол Сан Поул немесе Әзіз Павел деп аталады, Түркияның ең ұзын жүру жолдарының бірі. Анталия және Ыспарта қалаларынан өтетін жолдың ұзындығы 500 км және халықаралық табиғи жүру стандарттарына ие.  Әзіз Павел жолы Перге ежелгі қаласынан басталып, Ыспартадағы Писидия Антиохея ежелгі қаласында, яғни Ялвачта аяқталады.  Жүру маршруты мен бағыттары ақ және қызыл түстермен белгіленген.  Писидия Антиохеясы – христиандықтың алғашқы уағыздары оқылған қала.  Қала артынан қажылық орталығы деп жарияланады.  Артынан осы жол христиандар тарапынан қасиетті деп есептеледі.  Бүгінгі күні де қажы болғысы келетін көптеген христиан Әзіз Павел жолын жүріп өтеді.

Жолдарына асфальт төселмеген, табиғаты бұзылмаған осы 500 километрлік бағытта көптеген ежелгі қала орналасқан. Жолдың он километрлік бөлігі Язылы Каньон табиғат саябағынан өтеді. Каньон қарағай, бәйтерек, арша, жаңғақ ағаштары секілді өте бай фаунаға ие. Жабайы тіршілік иелерімен де назар аударады. Әзіз Павелдің жолынан өткендерді бір тосынсый күтіп тұрады. Жартастардың біріне жазылған өлең бұл: «Еркін адам» өлеңі.

Әй, жолаушы, жолға дайындал және шық жолға, бірақ мынаны біл

Еркін кісі тек мінезінде еркін болатын адам ғана.

Деп басталатын өлеңді дүниеге құл ретінде келіп,  артынан еркіндігін алған ежелгі әлемнің атақты ойшылдарының бірі Эпиктет жазған. Язылы каньон, яғни жазулы каньон аты да жартасқа жазылған осы өлеңнен келеді.

**

Әзіз Павел Анадолына аралай отырып,  сапары барысында көптеген жерге қонады. Ол қонып кеткен жерлерге кейіннен шіркеулер салынады. Міне,  Мерсиннің Мут ауданындағы Алахан монастыры да осылардың бірі. Гөксу сайының тік бөктерлеріндегі монастырь кешені бірі құлаған екі шіркеу, жартасқа ойылған бөлмелер, қабірлерден тұрады.  1300 метр биіктікке салынған монастырь тас шеберлігімен де назар аударады.  Әлемге танымал саяхатшы Әулие Челеби осы жерді көргенде «Шебердің қолынан жаңа ғана шыққан секілді тұр» деп айтады. Шіркеу ғимараттары мен монастырь кешені бүгінгі күні ЮНЕСКО Әлем мәдени мұрасының уақытша тізімінде орын алған.

**

Анадолыда құрылған байырғы өркениеттердің әрқайсысы өзінен бір нәрселер қосады осы территорияға. Сіз аралап көрген ежелгі қалалар тек өткен уақыттың іздерін алып жеткен қалдық емес, тұрмыс салтының, мәдениетінің, өнерінің, нанымының көрсеткіші. Театрлар да мұра ретінде қалған бізге,  су жолдары да. Кірпіш сарайлар да,  қасиетті мекендер де. Ескерткіштер, храмдар, альтарлар, шіркеулер, монастырьлар,  мешіттер шығады алдымызға әрбір қадам сайын.  Әрбірі Анадолының байлығын көрсетеді. Ғасырлар бойы адам баласының тарихына таңба басқан оқиғаларға сахна болады. Асқар таулардың шыңында, құдай мүсіндерінде, жартастарға ойылған ғибадат жерлерінде, бір сенген адамның сабырлы сапарының қадамдарында шығады алдымызға Анадолы. Кейбір сапарлар тосынсыйларға толы.  Адамды еш күтпеген хикаяларымен қарсы алады, басқа өңірлерге, басқа кезеңдерге алып барады. Бізге алуан түрлі нанымның іздерін көрсетеді. Христиандық тарихының маңызды оқиғаларына сахна болған осы жерлер.  Алғашқы шіркеу, тарихи жиналыстар, Әзірет Мәриям тұрған үй. Әзіз Павелдің сапарының көбі өткен жерлер.

 



Ұқсас жаңалықтар