Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің жиналысы Душанбеде өтті

Еуразия күн тәртібі – 04

1713357
Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің жиналысы Душанбеде өтті

Бүгінгі бағдарламамызда Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Душанбеде ұйымдастырылған жиналысына тоқталамыз.

16-17 қыркүйек күндері Тәжікстанның бас қаласы Душанбеде Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының жиналысы ұйымдастырылды.

Алдымен Тәжікстан президенті Имамали Рахманның төрағалығында Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің жиналысы өткізілді. 16 қыркүйекте ұйымдастырылған жиналысқа Ресей президенті Владимир Путин видео конференция арқылы, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров тікелей қатысты. Айта кетейік, орыс лидер маңайындағы кісілерде коронавирус індеті анықталуына орай 14 қыркүйекте карантинге кірген болатын.

Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің жиналысында Ауғанстандағы оқиғалар мен осы оқиғалардың мүше елдердің қауіпсіздігіне әсері қолға алынды. Сонымен бірге ұйымның соңғы кезеңдегі іс-шараларының нәтижелері талқыланды. Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Застың түсініктемесіне қарағанда ұйым елдерінің лидерлері Ауғанстаннан келетін қауіппен күресте ынтымақтастықты жетілдіру үшін қосымша талпыныс көрсету тақырыбында келісімге келді. Ұйым шекарадағы жағдай нашарласа, Тәжікстанның қауіпсіздігін қамдауға бағытталған ұжымдық шараларды көбейтті және Душанбе тарапынан ұсынылған Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасын күшейту бағдарламасына байланысты жұмыстарды жылдамдатуға шешім қабылдады. Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесі жиналысында ұжымдық жылдам араласу күштерін замандас қарулар және әскери жабдықтармен қамдау жөніндегі жобалар мен басқа маңызды құжаттарға қол қойылды. Сонымен бірге Тәжікстан ұйымның кезекті төрағалығын Арменияға өткізіп берді.

17 қыркүйек күні Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мемлекет басшылар саммиті ұйымға мүше және бақылаушы мәртебесіндегі елдер лидерлерінің қатысуымен Тәжікстан президенті Имамали Рахманның төрағалығында өткізілді. Осы жиналысқа Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Өзбекстан, Иран, Түрікменстан және Пәкістан басшылары қатысты. Ресей, Қытай, Үндістан мен Моңғолия президенттері жиналысқа видео конференция арқылы қатысты.

Саммитте аймақтың қауіпсіздігі, террормен күрес іс-шараларын ұйымдастыру және бақылаушы елдермен ынтымақтастықты бекемдеу тақырыптары қолға алынды. Ұйымның 20 жылдығы тойланған саммитте Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдығына орай декларацияны қамтыған 30 құжатқа қол қойылды. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер аталмыш декларацияда ауған қоғамындағы барлық этникалық, діни және саяси топтардың қатысуымен Ауғанстанда көлемді үкімет құрудың маңызды екенін білдірді.

Сонымен бірге декларацияда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің Ауғанстанның террор, соғыс және есірткіден тазарған, тәуелсіз, бейтарап, бірлескен, демократиялық және бейбітшіл бір ел болуын қолдайтындары атап көрсетілді.

Иранның ұйымға қабылдануы шараларын бастауды білдірген ынтымақтастық құжаты саммитте қол қойылған басты құжаттардың бірі болды.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мемлекет басшылары саммиті аяқталғаннан кейін Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Ауғанстан жайлы ортақ жиналысы өткізілді. Жиналыста мемлекет басшылары Ауғанстан мәселесіне байланысты көзқарас пен ұсыныстарын тілге тиек етті. Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Душанбеде ортақ жиналыс өткізіп, тығыз ынтымақтастық жасау үшін мықты қадам басқанын айтуға болады.



Ұқсас жаңалықтар