Түркияның өрік өндірісінде әлемде бірінші орында екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 3

1707635
Түркияның өрік өндірісінде әлемде бірінші орында екенін білетін бе едіңіз?

Түркияның таза және кептірілген өрік өндірісінде әлемде бірінші орын алғанын білетін бе едіңіз?

Әлемнің көптеген жерінде әсіресе Жерорта теңізіне көршілес елдер мен Еуропада өрік өндірілуде. Түркия таза және кептірілген өрік өндірісі бойынша әлемде бірінші орында. Түркияның таза өрік өндірісінің шамамен 55%-ы, кептірілген өрік өндірісінің болса 85%-ы Малатия қаласында өндіріледі.

Атауын Хеттер дәуірінде «жеміс бағы» дегенді білдіретін «Мелита» сөзінен алған Малатия Түркиядағы 17 миллион өрік ағашының 8 миллионына ие және «әлемнің өрік бас қаласы» ретінде белгілі.

Тағамдық құндылығы жоғары өрік құрамында А, В, С, Е дәрумендеріне қоса темір, кальций, фосфор, магний мен талшықтар қоймасы болып табылады. Жаңа және кептірілген күйде тұтынылған өрік ас қорытуды жеңілдетеді, тоқтық сезімін қамтамасыз ету арқылы салмақты бақылауға көмектеседі. Сонымен қатар антиоксиданттық қасиеттерімен дененің саулығын сақтау арқылы ауруларға қарсы қорғайды.



Ұқсас жаңалықтар