Түркия мен Украина қарым-қатынастары дамып келеді

Еуразия күн тәртібі – 53

1555847
Түркия мен Украина қарым-қатынастары дамып келеді

Бүгінгі бағдарламамызда Түркия мен Украина қарым-қатынастарына тоқталамыз.

Желтоқсан айының соңғы екі аптасы Түркия мен Украина қарым-қатынастары тұрғысынан маңызды өтті. Осы дамуларға қысқаша тоқталайық.

2020 жылы 14 желтоқсанда Түркия Қорғаныс өнеркәсібі ұйымының төрағасы Исмаил Демир төраға болған делегация Украинаға сапарлай барды. Сапар кезінде Украина Қорғаныс министрлігі мен Түркия Қорғаныс өнеркәсібі ұйымы арасында қорғаныс саласында бір қатар келісімдер жасалды. Келісімдердің нәтижесі ретінде 21 желтоқсанда Түркия-Украина ортақ жасайтын корветтердің Украинаның Николаев қаласындағы Океан кеме зауытында өндірілетіні жарияланды.

2020 жылы 18 желтоқсанда Киевте Түркия мен Украина Сыртқы істер және Қорғаныс министрлерінің қатысуымен «Екі қосу екі» үлгісіндегі жиналыс өткізілді. Жиналыс соңында ортақ мәлімдеме жарияланды. Мәлімдемеде саясат, экономика және қорғаныс салаларындағы ынтымақтастық көлемін кеңейтуде ортақ келісімге келінді. Түрік министрлер сапар аясында Украина президенті Владимир Зеленский, премьер-министр Денис Шмигаль тарапынан қабылданды. Сонымен бірге елдегі түрік диаспорасы өкілдерімен кездесулер өткізді.

Сол күні Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Украина Елшілер конференциясына құрметті қонақ болды. Конференцияда Чавушоғлуна Украина Қайырымдылар қоғамы тарапынан «Игілік періштесі» жүлдесі берілді. Украина Сыртқы істер министрі Дмитро Кулеба Түркиямен 2020 жылы бойынша кемелді ынтымақтастық жасалғанын және бұған риза болғандарын жариялады.

2020 жылы 25 желтоқсанда Украина президенті Владимир Зеленскийдің қатысуымен Запорожье қаласында Онур тобы 8 айда бітірген көпірдің тұсауы кесілді. Осылайша түрік компанияcы 55 жылдан бері жасалуы жоспарланған көпірді қызметке ұсынды.

Осы күні Киевте танымал ғалым Агафангел Крымскийдің ғылыми еңбектерінен құралған «Шығыс Мемлекет құру дәстүрі» атты кітап таныстырылды. Кітап таныстыруға ТҮРІКСОЙ Бас директоры Дүйсен Қасейінов қатысты. Қасейінов Украина Мәдениет және информация саясаттары министрі Олександр Ткаченко және Сыртқы істер министрінің орынбасары Емине Джеппармен кездесті. Кездесуде екі жақтылы ынтымақтастық тақырыптары қаралды. Украинаның Түркі әлемімен ынтымақастығының жоғары өреде дамығанын да айта кетейік. 22 желтоқсанда да Түріквизион ән байқауында украиналық Наталья Папазоғлу бірінші болды.

Аталмыш дамулардан байқалғанындай, Түркия-Украина қарым-қатынастары тамаша кезеңнен өтуде. Соңғы екі аптада екі жақтылы байланыстарға қатысты жаңа келісімдер жасалды. «Екі қосу екі» үлгісінде Сыртқы істер және Қорғаныс министрлерінің алғашқы жиналысы өтті және ортақ талпыныстар басталды. Осы дамулар пандемиядан кейінгі кезеңде екі ел қарым-қатынастарын тың белеске көтеретіні, президенттер тарапынан нысанаға алынған 10 миллиард долларлық сауда мөлшеріне жетудің жеңілдейтіні сөзсіз. Алдағы кезеңде қорғаныс саласындағы тығыз байланыстар басқа салаларға да әсерін тигізеді. Түркия мен Украинаның стратегиялық қарым-қатынастары аймаққа да пайдалы болмақ.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.


 

 



Ұқсас жаңалықтар