Бішкекте Айтматов форумы өтті

Еуразия күн тәртібі – 52

1552135
Бішкекте Айтматов форумы өтті

Бүгінгі бағдарламамызда Бішкек қаласында ұйымдастырылған 4-ші Ыстық көл форумына тоқталамыз.

Әлемге танымал әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың 12 желтоқсандағы туған күніне орай Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында 2020 жылы 11 желтоқсанда «Мемлекет және қоғам қайраткері Шыңғыс Айтматов» деген тақырыппен 4-ші Ыстық көл форумының алғашқы отырысы ұйымдастырылды. Түркия Республикасының Мәдениет және Туризм министрлігі қамқорлығында өткен форум президент Режеп Тайып Ердоғанның видеолы сәлемімен басталды. Президент Ердоған сәлемінде Шыңғыс Айтматовтың Қырғызстанды, қырғыздарды және қырғыз мәдениетін күллі әлемге танытқанын атап айтты.

Шығыс пен Батыс арасындағы Анадолы Мәдениет жобасы платформасы және Шыңғыс Айтматов Халықаралық Ыстық көл форумы қоғамы селбестігімен ұйымдастырылған форумның беташарына Қырғызстан Сыртқы істер министрі, Түркия және Қырғызстан Мәдениет министрлерінің орынбасарлары, Білім беру қорының төрағасы, өкілетті елшілер, депутаттар, ректорлар, қала әкімдері, Айтматовтың отбасындағылар, әдебиетшілер, ғалымдар, өнер, саясат және ақпарат саласының өкілдері қатысты. Форумда сөз сөйлегендер танымал жазушыны әр қырынан баяндады.

Алғашқы отырыс соңында «Ыстық көл форумы» атын «Шыңғыс Айтматов Халықаралық Ыстық көл форумы» деп өзгертуге шешім қабылданды. Форумның 2-3 отырыстары 2021 жылы 9-10 маусымда Анкарада ұйымдастырылады.

Бішкек қаласында өткен форумда Шыңғыс Айтматов еңбектерінің ең көп Түркияда басылғаны және оқылғаны білдірілді. Бұрын Германия алда болатын. Шыңғыс Айтматовтың еңбектерін Түркияда 20-дан астам баспа басып шығарды. Түркияда Шыңғыс Айтматов және оның шығармалары тақырыбында дайындалған дипломдық тезистер 40-тан асқан. Кастамону университеті аясында жазушының аты берілген зерттеу орталығы бар. Анкара мен Йозгат қалаларында жазушының бюсті, Стамбұлда мүсіні тігілген. Түркиядағы Анкара, Анталия, Елазыг, Ескишехир, Стамбұл, Кайсери, Кожаели қатарлы 7 қалада жазушының атында саябақтар бар.

Түркі әлемінің ортақ құндылығы болған Шыңғыс Айтматовқа Түркі Республикаларының ие шығуы өте маңызды. 2021 жылы Анкарада ұйымдастырылатын Ыстық көл форумының жоғары өреде өтетінін айтуға болады.

Шыңғыс Айтматовтың адамзаттың ортақ құндылығы екені күн өткен сайын айқындалуда. 2020 жылы 8-10 желтоқсанда Мәскеу мен Бішкек қалаларында Шыңғыс Айтматов және 21- ғасырдың жастары тақырыбымен көлемді бір форум тағы ұйымдастырылды. 12 желтоқсанда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай Қырғызстанда әлемнің ондаған елінде түрлі іс-шаралар өтті. Түркияның түрліше қалаларында еске алу бағдарламалары өткізілді. Шыңғыс Айтматовтың туған күні 12 желтоқсан Қырғызстанда «Әдебиет күні» ретінде тойланады.

1986 жылы қазан айында ұйымдастырылған 1-ші Ыстық көл форумы бөлінген Шығыс пен Батысты тоғыстырды. Бұдан былай өтетін Ыстық көл форумдары да адамзаттың басты мәселелеріне байланысты тұғырларын еркін кеңесетін, шешімдер ұсынылатын бір платформа болып жалғаса береді.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.



Ұқсас жаңалықтар