Орталық Азия елдері табиғи апатпен күресуде

Еуразия күн тәртібі – 19

1414059
Орталық Азия елдері табиғи апатпен күресуде

Бүгінгі бағдарламамызда соңғы апталарда Орталық Азияда болған табиғи апаттар мен оның нәтижелеріне тоқталамыз.

COVİD-19 індетімен күресіп жатқан Орталық Азия Республикалары соңғы апталарда арт-артынан болған табиғи апаттармен де күресуде. Бұл табиғи апаттардың ауырлығы туғызатын зардабының да үлкен болатынын көрсетуде. Алдымен аймақтағы апат жағдайларына тоқталайық.

2020 жылы 23 сәуірде Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысындағы Семей орманында өрт шықты. Өрттің салдарынан 3948 гектар орман алаңы зақымдалды.

2020 жылы 27 сәуірде Түрікменстанның Лебап облысындағы күшті боран себепті көптеген елді мекен мен инфрақұрылыс жүйесі зақымдалды.

2020 жылы 28 сәуірде Өзбекстанның Бұхара облысында болған қатты боран себепті бір кісі қаза тапты, 30 кісі жараланды.

29 сәуірде Өзбекстанның Джизак облысында сел апаты болды. Сел апатында 9 және 14 жасар екі бала қаза тапты.

1 мамырда нөсерлі жаңбыр мен қатты жел себепті Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының қабырғасы құлады. Апатқа орай Өзбекстан мен Қазақстанда жүздеген үй су астында қалды. Аймақтан 75 мың адам көшірілді. 60 адам емханаға жолданды.

2 мамырда Қырғызстанның Баткен облысында сел апаты болды. Селдің салдарынан ондаған үй мен егістік алаң су астында қалды.

Осындай табиғи апаттардың аймақта мамыр айының алғашқы 10 күнінде жалғасатыны мөлшерленуде. Табиғи апат болған аймақтарда төтенше жағдай жарияланды.

Табиғи апаттар бастысы аймақтағы егістік алаңдарды ойрандады. Орталық Азиядағы кейбір өңірлерде 9 сәуірде қар жауып, егіннің үсу қаупін туғызған болатын. Бұл жағдай аймақ елдерін биылғы жылы азық-түлік тапшылығы қиыншылығына итермелейтіні айқын.

Нөсерлі жаңбыр жалғасатын болса, аймақтағы уран қалдықтары сақталған базаларда топырақ көшкіні және ол жерлердегі улы материалдардың суға араласуы қаупі де бар. Бұл халықтың денсаулығына қауіп төндіреді. Сонымен бірге аталмыш жауын-шашын кейбір елді мекендерді босату мәжбүрлігін де туғызуы мүмкін.

Аталмыш апаттардың қандай себеп болғанына қарамай, ауыр қаржылай ауыртпалық туғызатыны айқын. Табиғи апаттардың зияны әлі есептелген жоқ.

Осы аталған апттардан аз шығынмен құтылу үшін аймақ елдерінің коронавируспен күресте болғанындай, өзара ұйымшылдықты жалғастыруы төтенше маңызды болып табылады. Аймақ елдері биыл бастарына келуі мүмкін азық-түлік тапшылылғынан өзара немесе үшінші елдерден ортақ сұраныс жолымен өтуіне болады. Осы тұрғыдан алғанда халықаралық қатынастардағы кедергілерді жою, Түркияны Түркістанға жалғайтын Орталық Дәліздің тіпті белсенді жұмыстануы маңызды болмақ. Аймақ елдері уран қалдықтары базаларының қауіпсіз күйге келуі үшін түбегейлі шешім қарастыруы керек. Орталық Азия Республикалары арт-артынан келіп жатқан осы сынақтардан табыспен өтетіні сөзсіз.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.

 



Ұқсас жаңалықтар