Президент Ердоғанның Мәскеу сапары

Еуразия күн тәртібі - 11 -2020

1380018
Президент Ердоғанның Мәскеу сапары

Еуразия күн тәртібі - 11 -2020

Бүгінгі бағдарламамызда Президент Режеп Тайып Ердоғанның Мәскеу сапарына тоқталамыз.

Президент Режеп Тайып Ердоған 2020 жылы 5 наурызда Мәскеуге бір күндік іс сапармен барды. Сапардың мақсаты Идлиб тақырыбы болды. Баршаға аян, 27 ақпанда Түрік армиясы Идлибте 34 шейіт берді. Артынан Түрік Қарулы Күштерінің шабуылға жауап беруіне орай шабуылшы режим күштері ауыр шығынға ұшыратылды. Түркия шекарасына жаңа көш толқыны басталып, Идлибте жағдай ушықты.

Кремльде өткізілген оңаша кездесуден кейін Сирияда кепіл елдер Түркия мен Ресей арасында келісім жасалды. Келісімге сай 2020 жылы 6 наурыздан бастап Идлибте атысты тоқтату жарияланды. М4 автожолының солтүстігі мен оңтүстігінде 6 километр тереңдікте сенімді дәліз орнатылады. Сонымен бірге түрік және орыс әскерлері 15 наруыздан бастап аймақта ортақ бақылау жүргізеді. Аталмыш келісім тек Идлибтегі атысты тоқтату үшін ғана емес, Түркия мен Ресей қарым-қатынастарының болашағы, аймақтың тұрақтылығы тұрғысынан да өте маңызды болып табылады.

Мәскеуде байсалды тұғыр көрсету екі ел үшін де пайдалы болды. Ресей Түркиямен байланысы нашарлайтын болса, энергия, қатынас, қорғаныс, азық-түлік қауіпсіздігі сияқты стратегиялық салаларда сенімді бір серігінен айырылатын және мұның орнын толтыру Кремль үшін оңайға түспейтінінін біледі. Орыстардың Қаратеңіз төңірегі, Оңтүстік Кавказ, Орта Шығыс және Солтүстік Африкада ыңғайлы әрекет жасауы Түркиямен тату болуына байланысты. Орыс туристер тұрғысынан Түркияның орнын толтыратын ел табылмайды.

Орыс әкімшілігі егер Сирия үшін Түркиямен ренжісетін болса, тек Ресей Федерациясы ішінде ғана емес, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы географиясындағы түрік және мұсылман халықтардың тұғырын да ойластырғаны жөн. Түркияның аталмыш географиядағы күші мен салмағы елеусіз қалмайтын өреде.

Түркия үшін Сирияның солтүстігінде сенімді аймақтың құрылуы өміршең маңызға ие. Әрі аймақтан террористердің тазалануы, әрі жаңа бір босқын толқынының алдын алу тұрғысынан сенімді аймақ құру мәжбүрлік.

Сирия дағдарысы туылғанда аймаққа жақындаған жаһандық күштердің барлығы бүгін кері шегініп, мәселені ұзақтан бақылап отыр. Сондықтан Түркияның батыс жақ қақпасын босқындарға ашуы - әділетті бір әрекет. Түркия Сирия дағдарысы басталғаннан бері сириялық босқындарды ойдағыдай күтіп алды. Қазір оларды Сирияның солтүстігіне орналастырып, мәселені түбегейлі шешуді жоспарлауда.

2020 жылы 5 наурызда жасалған Түрік-Орыс келісімі Сирия дағдарысын түбегейлі шешумен бірге, оқиғаның асқынуын да тосты. Келісім мәтінінің арабша дайындалмауы, Асадтың Түркияға байланысты тәуір үндеулер бере бастауы мәселені шешуде Түркия мен Ресей әсерінің бұдан былай да салмақты болатынын көрсетеді.

«Көктем қалқаны» операциясы арқылы Түркия килікпесе, бұл мәселенің шешілмейтіні тағы бір мәрте дәлелденді.

Ердоған мен Путин 5 наурызда саясат пен дипломатияның маңыздылығын айқын анықтады. Алдағы кезеңдерде мәселенің шешімі үшін жоғары өрелі кездесулер жалғасады.

Бүгінгі бағдарламамыз осымен аяқталды. Келесі кездескенше күн жақсы болсын.

 



Ұқсас жаңалықтар